Қоғамдық палата

Тамыз кеңесінде «Атамекен» мен «Болашақ» EduTech атты білім беру жобасының стартапын іске қоспақ

  • Тамыз кеңесінде «Атамекен» мен «Болашақ» EduTech атты білім беру жобасының стартапын іске қоспақ

    Тамыз кеңесінде «Атамекен» мен «Болашақ» EduTech атты білім беру жобасының стартапын іске қоспақ

Тамыз кеңесі аясында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Болашақ» Қауымдастығымен бірлескен EduTech атты білім беру жобасының стартапы іске қосылады. Байқаудың мәресі Республикалық педагогикалық тамыз конференциясы пленарлық отырысында өтеді - деп хабарлайды Алаш айнасы.

Тамыз конференциясы аясында стартаптар байқауы ұйымдастырылмақ. Орталық коммуникациялар қызметінде Республикалық педагогтар қызметкерлерінің 2017 жылғы тамыз конференциясының Пленарлық отырысына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Шараға ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Өрсариев, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім бері департаментінің директоры Шолпан Каринова, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту департаменті директоры Олжас Ордабаев қатысты.


Жыл сайын өтетін білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі – педагогтар үшін жаңа оқу жылының басталуына және жаңа педагогикалық идеяларға есеп беретін айтулы оқиға.


Спикерлердің айтуынша биылғы тамыз кеңесі ерекше өтетін болады. Тамыздың 7-нен 21-не дейін Назарбаев Университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында және республика өңірлерінде білім беру жүйесінің түрлі салалары бойынша секциялық кездесулер ұйымдастырылады.


«Бүгінде дәстүрлі білі беру саласына жаңа деп керек. Білім беруге жеке сектор мен стартап қоғамдастығын тарту педагогикадағы мәселелерді шешудің бірден бір жолы – біздің көздегеніміз осы», – деді Олжас Ордабаев.


Бұл байқауға жеке тұлғалармен қоса заңды тұлғалар да қатыса алады. Жобалық топ бір қатысушы деп есептеледі. Жобаға түрлі цифрлық құралдарды (қосымшалар, бағдарламалар) енгізген немесе іске асырған, hardware саласындағы жобалар, инклюзивті білім берудегі әдістемелер мен бастамалары бар қатысушылар күтілуде.


Спикерлердің айтуынша әділ қазы алқасына кәсіби педагогтар, Қазақстанның стартап қозғалысының көшбасшылары, бизнесмендер, оның ішінде білім берудегі кәсіпкерлер қатысады. Жеңімпаздарға ҚР Білім және ғылым министрлігінен жобаны білім мекемелеріне енгізу үшін ұсынымдар берілетін болады.


Таңат Жайлау




Көрілген: 730    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.07.2017, 12:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр 2017
    Audi арба (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30