Қоғамдық палата

ҰБТ-дан өте алмаған түлектерге бас партия демеу көрсетпек

  • ҰБТ-дан өте алмаған түлектерге бас партия демеу көрсетпек

    ҰБТ-дан өте алмаған түлектерге бас партия демеу көрсетпек

«Нұр Отан» партиясы Ұлттық бірыңғай тестілеуде шекті деңгейдегі балл жинай алмаған мектеп бітірушілерді оқытып, жұмысқа орналастырмақ, – деп хабарлайды Алаш айнасы.


Жобаны атқару үшін еліміздің бас партиясы мемлекеттік органдармен жаңартылған төртжақты меморандум жасасты.


Осы «Сәтті қадам» партиялық жобасының үшінші бағытын іске асыруға кіріскен жиынға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед төрағалық жасады. Жобаның бұл бағыты өткен жылдан бастап Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен жұмыс жасайды.


Бұл шара арқылы ҰБТ-дан өте алмай сүрініп кеткен түлектерге демеу көрсетіледі. Жастардың оқып, білім алып, елімізге пайдалы маман атанып, өмір жолын дұрыс бастауға бағыт-бағдар беріледі.


Жиын барысында Мұхтар Абрарұлы «Елбасымыздың тапсырмасын орындау үш үлкен мәселенің түйінін шешуге мүмкіндік береді. Мектеп бітірген жастар мемлекеттің қамқорлығын сезініп, бірден жұмыспен қамтылады, мамандық игереді және жаңадан ашылған кәсіпорындар жұмыс күшімен қамтамасыз етіледі. Бірде бір мектеп бітіруші біздің назарымыздан тыс қалмауы керек. Бұл қоғамға да, мемлекетке де өте пайдалы іс», – деді.


Отырыста «Нұр Отан» партиясы Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Дін істері және азаматтық қоғам министрліктермен бірге арнайы жұмыс тобын құрды. Топтың басты мақсаты еліміздің барлық аймағын қамтып, ондағы жағдайды бақылап, қажетті шараларды қабылдау.


Таңат Жайлау




Көрілген: 714    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.07.2017, 10:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр 2017
    Audi арба (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30