Қоғамдық палата

ҮЕҰ-ларға арналған мемлекеттік гранттар бойынша үшінші конкурс жеңімпаздары анықталды

  • ҮЕҰ-ларға арналған мемлекеттік гранттар бойынша үшінші конкурс жеңімпаздары анықталды

    ҮЕҰ-ларға арналған мемлекеттік гранттар бойынша үшінші конкурс жеңімпаздары анықталды

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранттар конкурсының сараптамалық комиссиясының отырысы өтті, оның аясында 71 үкіметтік емес ұйымнан 18 грант тақырыбы бойынша ұсынылған 93 өтініш қаралды, - деп хабарлайды Алаш айнасы.


Қарау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия қорытынды шығарып, ҮЕҰ-ларды гранттық қаржыландыру операторы ретінде АБҚО-ға 16 тақырып бойынша ҮЕҰ-ларға арналған мемлекеттік гранттарды беруді ұсынды, 2 тақырып төмен өтініш деңгейіне байланысты кері қайтарылды. №13 «Қазақстанда еңбек құқығының іске асырылуына мониторинг жүргізу» тақырыбы бойынша ҮЕҰ-лардан өтініш түскен жоқ.


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес АБҚО мемлекеттік гранттарды беруге комиссия ұсынған өтініштерді 7 жұмыс куні ішінде шығындардың негіздемелері мен гранттардың бағытына сәйкестігі тұрғысынан қарады.


Қарау қорытындысында АБҚО сарапшылар ұсынған 16 өтініштің 14-ін бекітті.


Екі өтініш гранттар беру жоспарына сәйкес келмеуіне байланысты кері қайтарылды. Нәтижесінде 14 ҮЕҰ-ға мемлекеттік грант беру туралы шешім қабылданды.


Дайындаған Таңат Жайлау




Көрілген: 608    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 13.07.2017, 12:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр 2017
    Audi арба (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28