Қоғамдық палата

Вице-министр «Гвинея Республикасының Ұлттық күнінің» ашылу салтанатына қатысты

  • Вице-министр «Гвинея Республикасының Ұлттық күнінің» ашылу салтанатына қатысты

    Вице-министр «Гвинея Республикасының Ұлттық күнінің» ашылу салтанатына қатысты

«ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов «Гвинея Республикасының Ұлттық күнінің» ашылу салтанатына қатысты, - деп хабарлайды Алаш айнасы.



Шара барысында вице-министр Гвинея Республикасына «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысқаны үшін алғыс білдірді.

Мұндай ауқымды көрме – бір ғана мемлекеттің еңбегі емес, бұл – өз жетістіктерін Астанада көрсетіп жатқан халықаралық қауымдастықтың ерен еңбегінің жемісі.

«ЭКСПО-2017» Қазақстан үшін маңызды оқиға. Мұндай халықаралық көрме Орталық Азия елдерінде және посткеңестік кеңістікте бұрын-соңды болмаған. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін Астанада өткізу біздің еліміз үшін аса жауапты және мәртебелі миссия» – деп атап өтті А. Нүкенов.

Гвинея Республикасы – пайдалы қазбаларға бай және керемет табиғаты бар ғажайып мемлекет. Гвинея павильоны барлық қатысушыларды және келушілерді осы тамаша елмен, оның тарихымен және әралуан мәдениетімен, саяси және экономикалық дамуымен, сондай-ақ қайта жаңғырмалы энергияны дамыту саласында қабылданған шаралармен таныстырады.




Іс-шара барысында Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі А. Нүкенов Гвинея Республикасының сауда Министрлігі аппартының басшысы Балла Допавоги және Буркина-Фасо секцияның комиссары Баунди Джибрильмен кездесті.

Кездесу барысында екі ел арасындағы екі жақты қатынастарды кеңейту мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, биылғы жылы 4 сәуірде екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толды.


 




Көрілген: 490    Пікірлер: 2
Пікірлерді оқу (2) preloader

бейсенбі, 10.08.2017, 13:37

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
21 Мамыр, 13:57
Audi арба (видео)

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30