Қоғамдық палата

Ынтымақтастық форумының қарары маңызды мәселелерді қамтыды

  • Ынтымақтастық форумының қарары маңызды мәселелерді қамтыды

    Ынтымақтастық форумының қарары маңызды мәселелерді қамтыды

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі өзінің ресми сайтында «ASAR» І республикалық үшжақты ынтымақтастық форумының қарарын жариялады.


Құжат қоғам арасында қоғамның өміріне ортақтастық, тілектестік және әлеуметтік жауапкершілік сияқты ортақ сезімдерін өзектендіру мақсатында әлеуметтік салаға бизнесті кеңінен тарту құралдары мен тетіктерін жетілдіру бойыншы ұсыныстарды қамтиды.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдарға тұрақты негізде жыл сайын мемлекеттік органдарға диалогтық алаңдарда ҮЕҰ, бизнес және мемлекеттің үшжақты ынтымақтастық мәселелерін қарастыруға, әлеуметтік идеяларды және жобаларды жүзеге асыру үшін бизнес-құрылымдары өкілдерін тартуға жәрдемдесу бойынша ұсыныстар берілді.

Бұдан басқа қарарда Үкіметтік емес ұйымдардың сарапшыларын жұмылдыру арқылы мемлекеттік қызметкерлердің, жастардың, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша жүйелі және кәсіби оқыту жұмыстарын ұйымдастыру туралы ұсыныстар жасалды.

Форум қатысушылары келесі форумды өткізу орны ретінде Алматы облысын таңдауды ұсынды.

Еске сала кетейік, мемлекет, ҮЕҰ және бизнес арасында тиімді ынтымақтастықты орнату мақсатында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің бастамасымен, «Атамекен» ҰКП мен Атырау облысының әкімдігінің қолдауымен Атырау қаласында ү.ж. 30-31 қазанда «ASAR» І республикалық үшжақты ынтымақтастық форумы өтті.

Қарардың толық мәтінімен ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ресми сайтында танысуға болады.




Көрілген: 979    Пікірлер: 0

сенбі, 11.11.2017, 16:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр 2017
    Audi арба (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30