Аймақ

Премьер-Министр Павлодарға жұмыс сапарын Екібастұздан бастады

  • Премьер-Министр Павлодарға жұмыс сапарын Екібастұздан бастады

    Премьер-Министр Павлодарға жұмыс сапарын Екібастұздан бастады

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жұмыс сапарымен еліміздің барлық өңірлерін аралауда. Бүгін Бақытжан Сағынтаев Павлодар облысына келіп, облыс жұртшылығымен және активімен өтетін кездесулер барысында өңірде өнеркәсіпті, шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы қызметтердің сапасын арттыру шаралары мен өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады, - деп хабарлайды Алаш айнасы.


Премьер-Министр өңірдегі жұмыс сапарын Екібастұз қаласынан бастады. Бақытжан Сағынтаев «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ (ERG) құрамына кіретін «Восточный» көмір разрезін аралау барысында өңірдің 2018-19 жылдардағы жылыту маусымына дайындығымен танысып шықты.

Кездесу үстінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұ. Жазылбек осы жылдың жеті айының қорытындысы бойынша көмір өндіру көлемінің артқаны жайлы мәлімдеді. Оның айтуына қарағанда, облыс тұрғындарына қажетті көмір қоры шамамен 120 000 тоннаны құрайды. Облыстың қалалары мен аудандарының отын базаларында халыққа арналған шамамен 18 000 тонна көмір бар екен. Бүгінгі таңда облыста көмір тапшылығы жоқ, сондықтан көмір — еркін сатылымда. Жұртшылыққа көмір жеткізумен үш жүзден астам жеке кәсіпкер айналысып жатыр. Биыл өндірісте 18 млн тонна көмір өндіру жоспарланып отыр. Өткен жылғымен салсытырғанда бір млн тоннаға артық көрсеткіш. Жұмысқа заманауи жаңа техникалар жұмылдырылған. Технологиямен қамтамасыз ету жыл өткен сайын өсу үстінде. 

Кездесуде «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС-нің бас директоры М. Әбішев биыл қуаты 325 МВт болатын №5 энергетикалық блок іске қосылатынын жеткізді. Қазіргі таңда бес энергетикалық блок пен жалпы қуаттылығы 2105 МВт болатын 2 турбина жаңартылып, іске қосылған.

Сапар барысында Премьер-Министр әлеуметтік және өнеркәсіптік инфрақұрылым нысандарын барады. Кездесуде Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдаулары, «Бес әлеуметтік бастамасы», сондай-ақ, мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында алға қойған міндеттерінің орындалу барысымен таныспақ.


Сонымен қатар, Премьер-Министр іс-сапары кезінде жақында ашылғанын майнингтік қызмет көрсететін «БНКА Энерджи» ЖШС-нің техникалық мүмкіндігін бағалап, болашақ даму жоспарымен де танысты.

Бұл компанияның осы саладағы алдыңғы қатарлы кәсіпорындарыдың бірі деуге болады. Болашақта ірі майнингтік фермалар мен компаниялармен іскерлік қарым-қатынас орнатса, Павлодар өңірі еліміздегі блокчейн-технологияларды қолданатын алдыңғы қатарлы орталыққа айналады деп жоспарланған. Орталықтың осы өңірде ашылуының басты себебі кәсіби мамандарды бұл жерден көптеп табуға болады, соынмен қатар электр қуатының артылуы мен тарифінің төмендігі де ықпал еткен.


Нұрлы Еділов


 




Көрілген: 116    Пікірлер: 0

жұма, 14.09.2018, 17:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30