Алаш ақыны

Сейіл ШӘКЕНҰЛЫ: Шындықты іздеп шырқырап, Ал бірақ, жоқпыз таба алған...

  • Сейіл ШӘКЕНҰЛЫ: Шындықты іздеп шырқырап, Ал бірақ, жоқпыз таба алған...

    Сейіл ШӘКЕНҰЛЫ: Шындықты іздеп шырқырап, Ал бірақ, жоқпыз таба алған...

АДАМБЫЗ СОЛАЙ ЖАРАЛҒАН...

Пенделік сыймен жаралдық,

Нәпсінің құлы саналдық.

Шынына келсек нақ асыл,

Саусақпен ғана санарлық.


Адамнан ата таралдық,

Қауанадан нәр алдық.

Амал не бірақ, амал не?

Шайтанға сеніп пара алдық.


Қуалап жүріп қу тірлік,

Ғұмырды біраз қусырдық.

Біреуді жесек азық қып,

Біреуге болдық сусындық.


Бұрылсақ шынтақ айланым,

Өзгертіп бірден байламын.

Қыл тұзағын құрамыз,

Құбылған қырық айланың.


Жалғаны, шыны бәрі бар,

Балы да, уы тағы бар.

Өзі үшін мәңгі өлмейтін,

Қулардың құрған заңы бар.


Жаныңды жаймен елітер,

Тоңыңды қатқан ерітер.

Жемтігін тартып алдыңа,

Жеріңнен жеген жерітер.


Адамбыз солай жаралған,

Нәпсінің құлы саналған.

Ниеті кеткен пендеңді,

Сақтай гөр алла зауалдан!


Біз деген адам баласы,

Ішінде жатқан аласы.

Бетіңді көрсе көлгірсіп,

Сыртыңнан бітпес жаласы.


Иә, иә біз адам баласы,

Өлшеусіз ой мен санасы.

Көңілді шалса тума дерт,

Боларма сірә, дауасы?!

***

БҰЛА КҮШ

(Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арнау)

Арыңмен, жаныңмен, барыңмен,

Бойыңда тулаған қаныңмен.

Елім деп жерім деп уаз кешіп,

Жеріндің жеңсіктің бәрінен.


Арыңмен,жаныңмен,барыңмен,

Ширықтың халқыңның зарымен.

Ауырға жотасын төсеген,

Жолында жүк қалмас нарым ең.


Арыңмен, жаныңмен,барыңмен,

Асыл ең– көк түрік нәріңмен.

Батпан зіл бұғауды бұзсам деп,

Бұлқынған бұла күш алып ең.


Қыран ең кең жайған қанатын,

Көкжал ең айға да шабатын.

Тасқын ең мұз құрсау сеңдерді,

Асықтай иіріп ағатын.


Нөсерлі бұлттардай түйілген,

Көк жарып найзағай үйірген.

Қас батыр сен тудың, халқыңа,

Көтер деп: еңсеңді иілген.


Қайтер ек?

Намысты ер, тумасаң!?

Жат қолда кеткенді қумасаң!

Толқынды айдынға сыймадың,

Кейде бір жайындай туласаң.


Тік өскен бұлт құрсау мұнарда,

Ұқсайсың шыңдағы шынарға.

Өзіңдей егейлер болмаса,

Көгімде шалқып күн туарма!?


Халқың бар өсу мен өркенде,

Сеніммен көз тіккен ертеңге.

Сен мәңгі асқақтап тұрасың,

Өзіңдей ер туған өлкемде!!!

***

ҒАСЫРЕТ

Керуен уақыт түйелі көштей тізілген,

Қара нар шөгіп қапыда бұйда үзілген.

Ішіне бүгіп тынады мұң мен наласын,

Ұқтырып бәрін әжімді жапан жүзінен.


Қара таулар қайыспас қара нарларым,

Қайыстай қатқан қапсағай қара шалдарым.

Қасырет табы жосылған жота-жоныңда,

Тесілген табан, тілінген алақандарың.


Қара орманым қажымас қара қазағым,

Қара жондарым көтерген ауыр азабын.

Шырқырап сәби, шұрқырап түлік шулаған,

Даланың үні назалы дауыс, азалы үн.


Керуен уақыт жолыңнан шертші шежіре,

Біз қазақпызғой тағдырдың түскен тезіне.

Қалайық тыңдап, алайық сақтап жүрекке,

Тарқатып мұң-шер, жылайық бір езіле!

***

ЖҮГІНУ

Қашаннан, қайсы заманнан,

Арғылар қойған тағаннан.

Шындықты іздеп шырқырап,

Ал бірақ, жоқпыз таба алған.


Қашаннан, қайсы заманнан,

Құбылып дүние сан алуан.

Қапыда қалған жоқпызба!?

Жауапсыз кеткен сауалдан.


Атамыз, сонау адамнан,

Бір басқан жансақ қадамнан,

Болғанын ненің білсекте,

Жоқпыз-ау сабақ ала алған.


Адамзат үшін жаралған,

Осынау шексіз ғаламнан,

Тулақтай орын таппайсың,

Ұжмақ мекен саналған.


Лапсінің қозғап жарасын,

Бей мезгіл мін тағасың.

Ажыратқан араздық.

Ағайының арасын.


Бөрідей бөліп табысын,

Бұл,күрес дейді нан үшін.

Ал, ешкім жауап бермейді,

Қиылған бейуаз жан үшін.


Ымыра құрып,жақтасып,

Бір-бірін жалған мақтасып,

Бүркеуіш бояу жағылған,

Барады солай, баттасып.


Шындықты жалған ықтатып,

Сиқырлап бәрін құптатып,

Күншілдің сасық құйрығын,

Көк шыбын жатар құрттатып.


Дүние-ай, іріп-шіріген,

Айрылған соң нілінен.

Ешқашан ақыл сұрамас,

Тірілер өлген пірінен.


Үмітті, күн мен түнінен,

Шындықты танып үнінен,

Кінәсіз бейбақ шығарар,

Қылтыйтып басын інінен.


Керуен уақыт шұбырып,

Өзгерер сан құбылып,

Алып шығар арманың,

Жолдан да есен тығырық.


Көрінбей жатқан бұғынып,

Жалғанның сиқыр сырын ұқ.

Әділет, шындық алдына,

Келеді бір күн жүгініп.




Көрілген: 5108    Пікірлер: 0

жұма, 27.01.2017, 17:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Желтоқсан 2016
    Әбубәкір СМАЙЫЛОВ: ТҮСІК

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31