Ел жаңалықтары

21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындар сатылмауы мүмкін

  • 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындар сатылмауы мүмкін

    21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындар сатылмауы мүмкін

 ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мүдделі меморгандармен бірлесе энергетикалық сусындардың кері әсерін төмендету мәселесін қарастырып жатыр. Бұл жайында ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың депутаттық сауалға берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Премьер-Министрдің жауабында бұл өнімнің жарнамасына шектеу енгізу, сусын ыдысының көлемін азайту, энергетикалық сусындарға акциз енгізу және 21 жасқа толмағандарға оны сатуға тыйым салу секілді шаралар ескеріліп отырғандығы жазылған. «Сонымен бірге азық-түлік өнімінің қауіпсіздігі туралы техникалық регламентке түзетулер енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл ретте өнім құрамында адам денсаулығына кері әсер ететін қоспалар жайында тұтынушыларға шынайы ақпарат беруге қатысты талаптарды күшейту қамтылған», — делінген Үкімет басшысының жауабында.

Премьер-Министр Қазақстанда энергетикалық сусындарды таратуды шектеу мәселелері Кеден одағының техникалық регламенттерімен реттелгенін еске салып өтті. «Республикада 2017 жылы энергетикалық сусындардың 487 үлгісі зерттеліп, оның ішінде бесеуінде сәйкессіздік ( маркировка бойынша сәйкес келмеу — 4, консервант құрамының шамадан тыс артық болуы -1) анықталды. Жастар арасында энергетикалық сусындардың денсаулыққа зиянды әсерін түсіндіру тұрғысында коммуникативті шаралар ұйымдастырылды. 3 483 дәріс оқылып, интернет-ресурстарда 450-ден астам мақала жарияланды.

Мектепке дейінгі, жалпы білім беру, интернаттық ұйымдардың жетекшілерімен, сондай-ақ ЖОО-ларда осы тақырыпта 500-ге жуық семинар-кеңестер өтті»,- деді Б. Сағынтаев. Бұдан бұрын хабарланғандай, 2017 жылдың желтоқсанында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары елімізге энергетикалық сусындардың әкелінуін шектеуді ұсынған еді. «Қазіргі уақытта еліміздегі медициналық қоғамдастықтар шектеу шараларына қарамастан, энергетикалық сусындарға жасөспірімдердің үйір болуы елімізде тыйылмай тұрғанын келтіреді.

Қазақстандық мамандардың ойынша, энергетикалық сусындар — психотропты заттек болып табылады. Сондықтан, елімізде энергетикалық сусындарды әкелуді шектеу бағытында тағы да шараларды қабылдап, оны тұтынған жасөспірімдер үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізуді немесе оны сатылуын толық тоқтатуды ұсынамыз», — делінген депутаттық сауалда.


ҚазАқпарат.




Көрілген: 436    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.01.2018, 19:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31