Ел жаңалықтары

8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

  • 8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

    8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Бүгін еліміздің басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болады. Осыған орай Қазақстанның едәуір бөлігінде күн ашық. Тек елдің солтүстігінде, орталығы мен шығысында жауын жаууы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.


Синоптиктердің болжамы бойынша, кей жерлерде жел тұрып, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Түнде және таң ата тұман түседі.


Жамбыл облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 23 метрге жетуі мүмкін. Желдің соңы шаңды дауылға ұласады.


Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 болады, түнде және таң ата бірқатар аймақтарда тұман түседі.


Қызылорда облысының кей жерлерінде таң ата және күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді және арты шаңды дауылға ұласуы ықтимал.


Маңғыстау, күндіз Түркістан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.


Қостанай облысында, түнде және таң ата Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман түсуі мүмкін.


Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары мен Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт шығу қаупі бар.


 


 




Көрілген: 214    Пікірлер: 0

сенбі, 08.09.2018, 09:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31