IT мамандар күрделі «пароль» құру жолдарын айтып берді

IT мамандар күрделі «пароль» құру жолдарын айтып берді

Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі директорлар клубы (CISO Club kz) мен Ресей ақпараттық қауіпсіздік саласындағы кәсіби мамандар қауымдастығының (RISSPA) президенті Евгений Климов күрделі «пароль» құру жолдарын айтып берді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.
«Қазіргі ІТ технология дамыған заманда көптеген азаматтар қандай вирустар пайда болып жатқаны, қандай шабуылдар жасалып жатқандығы жайлы білгісі келеді. Ақпараттық қауіпсіздік мәселесі мемлекеттік деңгейде әсіресе маңызды. Мемлекеттік органдар мұны да назардан тыс қалдырған жоқ. Алда ЭКСПО, Универсиада және басқа да Қазақстан үшін маңызды шаралар өткізу көзделіп отыр. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бір емес, бірнеше сатыдан тұратын жұмысты, бағдарламалар жиынтығын қажет етеді. Мемлекеттік органдар арнайы бағдарламалар сатып алады. Ал қарапайым адамдар жүйелері де қауіпсіздікті қажет етеді. Сондықтан, интернеттегі танымайтын ресурстарға кіріп, бейтаныс ресурстарды жүктей беруге болмайды. «Парольдер» де маңызды рөл атқарады, олар әлеуметтік желілерде жиі құтқарып қалады. Құпиясөздер бірінші кезекте ұзын әрі күрделі болуы керек. Қазір кеңселерде кем дегенде 8 «символдан» тұратын, үлкен әрпі, кішкентай әрпі, саны мен арнайы символы бар пароль талап етіледі. Менің кеңесім, танымал өлең жолдарын құпиясөз ретінде қолданып көріңіз. Біріншіден ол ұзақ, теру қиын, ал екіншіден өзіңіз ұмытпайсыз. Кем дегенде 10 символдан тұратын пароль болғаны дұрыс. Qwerty, Love, туған күн сияқты кең тарағандарын қолданбаған абзал. Ең қарапайым жол, антивирус орнату керек. Тегін антивирустың сапасы нашар болады, сондықтан оны сатып алған дұрыс. Ал фейсбуктегі тестерді пайдалана отырып, сіз біреуге парақтағы ақпаратпен танысуға мүмкіндік бересіз. Қазір әлеуметтік желіден барлық мәліметті жеңіл алуға болады. Пайдаланушылар арасында алаяқтардың болатынын да ұмытпаңыздар. Мысалы сіз Дубайда жүрсеңіз, онда сіздің үйде емес екендігіңізді көздеген адам біліп қояды», - дейді маман.
Сондай-ақ, кейінгі жылдары Қазақстандағы ауруханаларда электронды жүйе енгізілген, яғни, науқастардың диагнозы мен басқа да жеке мәліметтері енгізіліп отырады. Дегенмен, қауіпсіздік мәселесі көпшілікті мазалайды.
«Еліміздің кейбір ауруханаларында қауіпсіздік жүйесі бар, кейбіреуінде жоқ екен. Бұл жайлы айтсақ, әр аурухана өз мәліметтері үшін өзі жауап береді. Оны тексеру керек. Мысалы, Батыс елдерінде ауруханаларда «хиппа» деген стандарт бар. Ол азаматтардың ақпараттарын құпия түрде сақтауды, таратпауды көздейді. Ешкім өзінің немен ауыратынын дәрігерден басқа ешкімге айтқысы келмейді, сондықтан қауіпсіздікті сақтаған жөн», - дейді маман.
 bnews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста