Ел жаңалықтары

Абаев Әблязовтің экстремистік қозғалысына қатысты түсініктеме берді

  • © Sputnik / Болат Шайхинов

    © Sputnik / Болат Шайхинов

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Мұхтар Әблязовтің "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының экстремистік деп танылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Маған соттың шешімімен танысу керек. Менің білуімше, бұл заңды күшіне бірден емес, он күннен кейін енеді. Әр жағдайда жеке-дара талдау жүргізген жөн. Егер Қазақстан азаматтары тыйым салынған немесе экстремистік деп танылған ұйымның қызметі туралы ақпарат тарататын болса, онда олар тиісті заңмен қудаланады", — деді министр.


Абаев шетелде қашып жүрген олигархтың Қазнеттегі қызметін шектеу жағы қарастырылып жатқанын айтты.


"Біз қазір қарастырып жастырмыз. Сот шешіміне сәйкес қажетті шараларды қабылдаймыз", — деген ол қазақстандықтар экстремистік деп танылған қозғалыс туралы ақпарат таратса, қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтты.


 


 




Көрілген: 381    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.03.2018, 15:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31