Ел жаңалықтары

Әблязовтың интернеттегі жазбасына лайк басқандар түрмеге жабылуы мүмкін

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Мұхтар Әблязов жетекшілік ететін "Қазақстанның демократиялық қозғалысы" экстремистік ұйым деп танылды. Бүгін Бас прокуратура күтпеген жерден осындай мәлімдеме жасап, Әблязов пен оның айтақшыларынан сақ болуға кеңес берді.


Айтуларынша, «ДВК» ел қауіпсіздігіне қауіп төндіргендіктен, ұйымға бүгіннен бастап сот шешімімен тыйым салынған. Сондықтан қозғалысқа қолдау білдіріп, қатарына қосылғандар бұдан-былай қылмыскер болып саналады.


Использование материалов сайта ktk.kz допускается при наличии гиперссылки непосредственно на Материал, которая должна быть расположена в первом или втором предложениях текста Материалов тем же шрифтом, что и основной текст.


Мұхтар Әблязов атышулы «ДВК» қозғалысын былтыр сәуір айында құрып, содан бері ұйымды белсенді насихаттап келеді. Билікке қарсы шығуға үндейтін қашқын банкир әсіресе, интернетте белсенді. Қазір оның «Қазақстанның демократиялық таңдауы» деп ұрандатқан ұйымында жүз мыңдаған адам бар. Бірақ, осы қозғалыстың әрекетін құзырлы орындар экстремизмге теңеп, оның жұмысына заңмен шектеу қойды.


Оксана Лоскутова, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:


-Қозғалыс басшысы Мұхтар Әблязов пен оның белсенділерінің мақсаты билікті құлатып, басып алу болып табылады. Бұл әрекеттер экстремизмге қарсы әрекеттер туралы заң бойынша саяси экстремизм болып саналады. Және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қимыл ретінде қудаланады. Сотпен қозғалыстың әрекеті экстремистік деп танылып, оған ҚР барлық аумағында тыйым салынды.


Сондықтан қашқын банкирдің қозғалысына қосылу бүгіннен бастап ауыр қылмыс болып саналады.


Яғни, «ДВК»-ны қаржылай қолдап немесе ұйымның атынан түрлі митинг өткізіп, билікке қарсы келген Әблязовтың белсенді жақтастары 2 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тіпті, қозғалыстың қатарына қосылмай-ақ, Әблязовтың әлеуметтік желісіндегі жазбасын қолдап лайк басқандар да шатылуы ықтимал.


Сондықтан, прокурорлар қашқынның парақшасына жазылған азаматтарға одан дереу шығып кетуге кеңес берді.


Ерлан Абаев, ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық қуғындау қызметінің басшысы:


-Қозғалыс туралы кез-келген жазбаға оң пікір қалдыру, ұйым туралы ақпарат тарату да қылмыс екенін ескертеміз. Мұндай адамдарға 5 мың теңгеге дейін айыппұл салынады немесе 2 жылға дейін түрмеге жабылады.


-Қазірдің өзінде прокурорлар экстремизмді насихаттаған Әблязов қозғалысының 5 мүшесін қамауға алған. Бірақ, олардың кім және не үшін ұсталғаны әзірге құпияда ұсталып отыр. Ал, БТА банктен 7 жарым миллиард долларды жымқырып, сырттай 20 жылға сотталған қашқын олигархтың өзі қазір Францияда бас сауғалап жүр.


Использование материалов сайта ktk.kz допускается при наличии гиперссылки непосредственно на Материал, которая должна быть расположена в первом или втором предложениях текста Материалов тем же шрифтом, что и основной текст.


ktk.kz 




Көрілген: 1423    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.03.2018, 10:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31