Ел жаңалықтары

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты жаңа деректер шықты

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Қытайда сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі апелляцияда қаралып жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазіргі уақытта Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі апелляцияда қаралып жатыр, облыстық деңгейге ауыстырылды. Оның адвокаты мен біздің Қытайдағы консул үнемі байланыста. Қытай заңдарына сәйкес, онда дәл осы істі апелляциялық сотта қараудың белгілі бір мерзімі қарастырылмаған. Енді Қытай тарапынан хабар күтеміз. Шешім шыққан кезде міндетті түрде хабарлаймыз", - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.


Мұның алдында аппеляциялық сот қазақстандық қыздың өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өзгерткен болатын.


Еске сала кетейік, қазақстандық 20 жастағы студент Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурызында Қытай мен Малайзияның шекарасында ұсталды. Оның жүгінен 4,5 келі есірткі табылды. Қыз сөмкесінде есірткінің барын білмегенін, оны біреулердің беріп жібергенін айтқан еді.

 




Көрілген: 1094    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.09.2018, 10:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31