Ел жаңалықтары

Ақмола облысының тұрғыны туған енесін өртеп жіберген

  • Ақмола облысының тұрғыны туған енесін өртеп жіберген

    Ақмола облысының тұрғыны туған енесін өртеп жіберген

Сот күдіктіні 15 жылға соттау туралы үкім шығарғанымен, айыпталушы тарап келіспеді

Кеше, 5 ақпан күні Ақмола облыстық мамандандырылған ауданаралық сотынада енесін өртеп жіберген азамттың үстінен үкім шықты.


Қылмыстық оқиға Щучье қаласында 2017 жылдың 12-ші қыркүйегінде болған. Еркін БИМУРЗИН есімді азамат әйелімен жанжалдасып, жары анасының үйіне кетіп қалады. Әйелін қайтармақ ниетте болған күйеуі ішімдікке тойып алып, енесінің үйіне келіп, үйдің есігін өртеп қорқытқан. Үйге кіруге енесі рұқсат бермей, жолын кескеніне қарамастан ол кісіге күш қолданып, үстіне жанармай құйып жібереді. Сол күні ауруханаға түскен Фарида САФИУЛОВА күйіктен алған жарақаттан 10 күнннен соң бақилық болады. Қылмыстық кодекстің 99 бабы, 2-бөлімнің 5-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалады.


- Сот шығарған үкімге қорғаушы тарап аппеляциялық шағым келтіруіне байланысты, үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ. Қазір Ақмола облысының сотында қаралу үстінде, - деді судья Ғалым ҚАЙШЫБЕКОВ. Енесін өртеп жіберген азамат алпысты алқымдаған жеке кәсіпкер. Судья жасаған қылмысты ауыр қылмыс деп танып, Еркін Бимурзинді 15 жылға бас бостандығынан айырды.


- Ерлі-зайыптылар жанжалдасып, бір-бірімен ренжіскен. Сіңлім осы жолы да баласын ертіп, анасының үйіне кетіп қалды. Орталарында екі бала бар. Қызы Астана Университетінің студенті. Ал, ұлы болса мектептің екінші сыныбында оқиды. Әпкемнен қапияда осылай айрылып қалады деп ойламадық қой. Өзі де сондай өмірге құштар жан еді. Үстіне жанармай құйған күйеу баласын кім құптайды дейсіз? Әпкемнің күйеу баласына шағымы болғаны рас, - дейді марқұмның сіңлісі Сәния ЖДАНОВА.


Әйтсе де, айыпталушы тарап сот үкіміне келіспейтіндігін жеткізді.Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр. Егер оның қайта қарау жөніндегі шағымынан кейін сот үкімі өзгеріссіз қалған жағдайда, жәбірленуші тарапқа 1 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеу міндеттелінеді.


ratel.kz/




Көрілген: 556    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.02.2018, 20:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31