Ел жаңалықтары

Ақпан айына арналған ауа райы болжамы

  • © Informator.media

    © Informator.media

Синоптиктер ақпан айына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Консультативтік болжамға сәйкес ақпан қарлы, Атлантика аудандары мен Каспийдің оңтүстігінен циклондардың жиі өтуіне байланысты елдің солтүстігінде 15-20 м/с дейін жел күшейіп, қар жауып, боран соғып, оңтүстігінде жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады деп болжанып отыр.


"Ауа температурасы: солтүстік жартысында түнде 25...35 аяз, күндіз 15...25 аяз; оңтүстік жартысында 10...20 аяз, күндіз 5...10 аязға дейін төмендейді. Нәтижесінде ауаның орташа айлық температурасы Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында нормадан 1 градусқа жоғары, ал қалған аумақта нормаға жуық болады деп болжанады", - деп хабарлады "Қазгидромет" өкілдері.


Синоптиктердің мәліметінше, жауын-шашынның айлық мөлшері Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында және Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл мен Алматы облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нормаға жуық және одан көп, ал қалған аумақта нормадан аз түседі деп болжанады.

 




Көрілген: 3913    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 01.02.2018, 16:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28