Ел жаңалықтары

Ақтаулық оқушылар көмекке мұқтаж балаға ақша жинап берді

  • Ақтаулық оқушылар көмекке мұқтаж балаға ақша жинап берді

    Ақтаулық оқушылар көмекке мұқтаж балаға ақша жинап берді

Бүгін Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен ұстаздары Шымкент қаласында қатерлі ісікке шалдыққан 9-сынып оқушысы Ордабек Райымбектің емі үшін 120 мың теңге жинап берді деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.


Олар қаражатты «Менің пайдалы асым» атты жәрмеңке ұйымдастыру арқылы жинаған. Қайырылымдық акциясына ұстаздар мен оқушылар, қала тұрғындары қатысты.


«Мектебімізде осы апта химия,биология және экология апталығы өтіп жатыр. Апталық аясында балаларға пайдалы ас ішуді насихаттағымыз келді. Сол себепті осындай жәрмеңкені ұйымдастырдық. Ұстаздар дұрыс тамақтану рецепті бойынша әзірленген астарды пісіріп әкеліп, жәрмеңке барысында ағзаға пайдасы туралы айтып тұрды. Шарадан 61 мың теңге жинадық. Сатылымнан түскен қаржыны қатерлі ісік дертіне шалдыққан Шымкент қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Ордабек Райымбектің еміне көмек болсын деп салып жіберуді ұйғардық», - дейді шараны ұйымдастырушы, биология пәнінің мұғалімі Гүлжан Нүсіпжанова.


Қалған 60 мың теңге қыркүйектің 21-і күні зияткерлік мектептердің оқушылары ұйымдастырған «Ұлы дала мұрагерлері» концерті барысындағы қолөнер бұйымдарының көрмесінен түскен қаражат.


«Облыстық деңгейде ұйымдастырылған концертте оқушылардың өз қолымен жасаған көздің жауын алар бұйымдар қала тұрғындарына сатылған еді. Сол себепті екі шараның қаржысын бірге салып жібердік», - деді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтынзер Ихсанова.


 




Көрілген: 561    Пікірлер: 0

жұма, 06.10.2017, 21:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31