Ел жаңалықтары

Ақтөбеде Мирзоян көшесі Әлихан Бөкейханов болып өзгертіледі

  • Ақтөбеде Мирзоян көшесі Әлихан Бөкейханов болып өзгертіледі

    Ақтөбеде Мирзоян көшесі Әлихан Бөкейханов болып өзгертіледі

Ақтөбеде Мирзоян көшесі енді Әлихан Бөкейханов көшесі болып өзгертіледі. Республикалық ономастика комиссиясының шешімін облыстық мәслихат бекітеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Ақтөбе облысында бірнеше көшеге жаңа атау беріп, мән-мағынасыз атаулар жаңартылатын болды. Бұл шешім өткен жылы қабылданып, жұмыс әлі жалғасып жатыр. «Ақтөбе қаласы бойынша идеологиялық тұрғыдан ескірген, көнерген атауларды қазақтың дәстүрлі атауларымен алмастыруға ономастика шешім қабылдады. Адам есімдері берілмейді, тарихи тұлғаларға немесе арнайы мерейтойға байланысты көше атауы жаңарады. Осы жұмысқа байланысты Ақтөбе қаласында жаңадан ашылып жатқан шағын аудандарға атау беріліп жатыр. Атаусыз тұрған 216 көшеге қазақтың дәстүрлі атауы берілді. Ал атауы ескірген 35 көшенің атауы жаңартылады. Оның ішінде Мирзоян көшесі бар. Мирзоян көшесі енді Әлихан Бөкейханов көшесі болады. Бұл атаулардың бәрі республикалық ономастикалық комиссияға жіберіліп, оң тұжырымы алынды. Ұйғарымы қолымызда»,- дейді Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаева. Айта кетейік, республикалық ономастикалық комиссия бекіткен тізім енді облыстық мәслихаттың сессиясында қаралып, бекітіледі. Бұл 2018 жылдың еншісінде.




Көрілген: 171    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 28.12.2017, 09:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31