Ел жаңалықтары

Ақтөбелік қыздың хаты II Елизавета патшайымды тәнті етті (фото)

  • Королева Елизавета және Зарина Ахметжан. Фото thejournal.ie, коллаж NUR.KZ

    Королева Елизавета және Зарина Ахметжан. Фото thejournal.ie, коллаж NUR.KZ

Ақтөбелік оқырман NUR.KZ порталының WhatsApp +7 771 718 15 57 нөміріне Ұлыбритания патшайымынан келген хаттың суретін жолдаған.


Ақтөбе қаласының тұрғыны Зарина Ахметжан Елизавета патшайыммен кездескісі келгенін айтып, хат жазыпты.


"Мен кішкентайымнан ханзадалар мен ханшайымдар туралы көп оқығанмын. Үлкейе келе, ағылшынша оқып, қазіргі күнге дейін патша мен патшайымның бар екенін білдім. Мен сізбен кездесуді қатты қалаймын. Сол үшін сізден бір хабар болар деген үмітпен хат жазып отырмын.


Мен сізді қатты құрметтеймін және сізбен күндердің күнінде кездесетініме сенемін.

Сіздің Зарина Ахметжаныңыз", - деген қыз өз хатында.



II Элизавета патшайымнан келген жауап хат. Фото: Оқырманнан


Бойжеткен жазған хатына жауапты Букингем сарайынан алыпты.


"Құрметті, Зарина!


Патшайым менен сіздің Ұлыбритания мен Британ монархиясына деген өз сезімдеріңізді жазған хатыңызға жауап беріп, алғыс айтуымды өтінді.


Елизавета патшайым сіздің сөздеріңізге өте риза. Алайда ол кездескісі келетін адамдардың барлығымен жолыға алмайды. Патшайым сізді біздің елге келеді деп үмітеннеді.


Мен сізге патшайымның Графпен түскен суретін жібердім. Алтын уақытыңызды бөлгеніңізге рахмет.

Құрметпен, фрейлина Лэри Лоррисон", - делінген хатта. 




Көрілген: 671    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.08.2018, 19:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31