Ел жаңалықтары

Алматы қаласы сақтандыру жарнасын төлеу жағынан алда келеді

  • Алматы қаласы сақтандыру жарнасын төлеу жағынан алда келеді

    Алматы қаласы сақтандыру жарнасын төлеу жағынан алда келеді

Алматылық жұмыс берушілер өткен айда 1,8 млрд теңгеден астам медициналық сақтандыру жарнасын төледі. Сақтаныру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен бүгінгі күнге дейін оңтүстік астаналықтардан түскен жарна 24,1 млрд теңгеден асты. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» қорының Алматы филиалы хабарлады.

Хабарламаға сүйенсек, бұл Медициналық сақтандыру қорына республика бойынша түскен қаражаттың 21,2 пайызы. Жарна аудару жағынан Алматыдан кейін Астана қаласы (12,6% немесе 14,3 млрд теңге), үшінші орында – Қарағанды облысы (8,2% немесе 9,3 млрд теңге) тұр.

Жалпы, қараша айының басындағы мәліметке сүйенсек, еліміз бойынша МСҚ-на жинақталған қаржы сомасы 113,8 млрд теңгеге жетіп жығылады.

Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. Қолданыстағы заңға сәйкес МӘМС пакеті шеңберінде қызмет көрсету 2020 жылдан басталмақ.

Сонымен қатар,Медициналық сақтандыру қоры МӘМС пакетіне қоса, кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) пакетінің операторы болып табылады. Қор бюджеттен ТМККК пакетіне бөлінетін қаржыға медициналық қызметтерді сатып алумен айналысады. Бүгінгі күнге дейін Алматы қала тұрғындарына 75,9 млрд теңгенің қызметі тегін көрсетілген.



 




Көрілген: 178    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.11.2018, 17:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30