Ел жаңалықтары

Алматы мектептерінде жемқорлыққа жол жоқ

  • Алматы мектептерінде жемқорлыққа жол жоқ

    Алматы мектептерінде жемқорлыққа жол жоқ

Таяуда ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті отырысында Алматы қаласындағы мектептерде жемқорлыққа жол бермеу үшін балаларды мектеп орналасқан микроучастоктар бойынша қабылдауды тоқтату ұсынылды.


ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің президиум өрайымы Зәуреш Баталова алматылықтардың балаларын жақсы мектептерге қалай орнастыратынын айтты.

«Алматыда балаларды мектепке орналастыруда шешімін күтетін мәселе бар. Егер бала мектепке қарасты микроучастокта тұрмаса, онда ол мектепке қабылданбайды. Бұл зерттеуді талап ететін мәселе. Ата-аналар балалары сапалы білім алу үшін өздері таңдаған мектеп орналасқан аудандарда тұратын таныстарымен пәтерді немесе үйді жалға алғаны жайлы жалған келісімшарт жасайтындарын дәлелдейтін фактілер тіркелген. Осылайша олар балаларын өздері қалаған мектепке орналастырады. Ал өздері қалаған ауданда таныстары, туыстары жоқ кейбір ата-аналарға мұндайда не істеу керек? Сондықтан меніңше, мектептерге микроучастоктар арқылы қабылдауды тоқтату керек. Гимназиялар мен лицейлерге арнайч емтихан арқылы қабылданғаны дұрыс болар. Сонда ғана әділетті болады. Егер мектептер болыпи кетсе, бұл сұрақта әкімдікке қою керек. Алайда бұл азаматтардың білім алуына кедергі болмауы тиіс », дейді Зәуреш Батталова.


Сондай-ақ ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті отырысында З.Баталова балаларды бала-бақшаға орналастырудағы мәселелерге де тоқталды. Оның айтуынша, балалардың бір балабақшадан екіншісіне ауысуында шешілмеген мәселелер бар. Кейде ата-аналар екі баласын балабақша кезегіне тіркейді. Алайда кей жағдайларда үлкен баласынан бұрын кіші баласының кезегі бұрын келеді. Мұның не себепті екенін ешкім түсіндіріп бере алмайтын көрінеді. Болашақта осы мәселелер өз шешімін күтеді.


Білім ордаларындағы тағы бір мәселе, ата-аналардан орынды-орынсыз ақша жинау мәселесі осы уақытқа дейін сан мәрте айтылып жүр. Осыған орай ата-аналардан ақша жинауға енді заңмен тыйым салу керек дейді депутаттар. Тіпті олар іске премьер-министрдің араласуын сұрады. Таяда Сенат депутаты Владимир Редкокашин мектепте ақша жинау мен бітіру кешін өткізуге қатысты сауал да жолдаған болатын. «Бұған тыйым салу үшін құзырлы орындарға тапсырма беріп, заңсыздықты болдырмауыңызды сұраймыз» деді депутат Сағынтавқа.
Жоғарғы палата депутаттарының айтуынша, білім ордаларында ақша жинауға Ресей, Өзбекстан мен Беларусьта тыйым салыныпты. Ал, біздің елдегі білім ордаларында ақша жинау дерегі азаймай тұр. Мұғалімдер ата-аналардан қит етсе теңге сұрап, түрлі сылтау айтады. Яғни, мектепті жөндеп, түрлі іс-шара өткізуге қала берді сыныптың қорына дейін жинайды. Оның үстіне алда мектеп бітіру кеші келе жатыр. Оны ұмытылмастай етіп өткізуді қалаған түлектердің әке-шешесі ақша жинауда алдына жан салмайтыны белгілі.
Осы мәселеге қатысты Алматы мектептерінің кейбіреуінде мұғалімдер, зейнеткер ұстаздар, қоғамдық ұйым өкілдері кеңесіп мектепте ақша жинауға, сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес штабы құрылды. «Мектеп мешіт секілді таза жер болса екен, өйткені мұнда біздің еліміздің болашағы тәрбиеленеді» дейді белсенділер. Олар мектептерде жемқордлықты алдын алуға қатысты түрлі шаралар ұйымдастырып отырады.
Жалпы білім ордалары сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар өткізуден кенде емес. Алматының әрбір мектебінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар» жоспары жасалып, бекітіліп жұмыс түрлері жүргізілуде. Жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған әрбір іс-шара мақсатты болып келеді.
1 Сыбайлас жемқорлық саясатының мақсаттары мен міндеттері: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру,оның алдын алу көріністерін азайту.
2.Құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, құрылымдық және қоғамдық ұйымдардың жұмысын қамтамасыз ететін қабылданған шешімдердің ашықтығы және жариялылығы.
3. Оқу-білім үрдісінде оқушылар мен оқытушылар тарапынан болатын келеңсіз әрекеттердің алдын алу және оларға қатаң бақылау қою.
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты әр мұғалім білуі тиіс қағидалар төмендегідей:
- Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық пен күрестің нормативтік құқықтық базасын;
-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылу тәртібі;
-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және жол бермеу;
-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты әр түрлі іс-әрекеттерге қарсы шығу.

Айнұр Нұрсабет




Көрілген: 323    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 18.09.2017, 14:59

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30