Ел жаңалықтары

Алматы облысында ауыл әкімі қарды трактормен өзі тазалап жүр (видео)

  • Алматы облысында ауыл әкімі қарды трактормен өзі тазалап жүр (видео)

    Алматы облысында ауыл әкімі қарды трактормен өзі тазалап жүр (видео)

Алматы облысының Алакөл ауданындағы Көлбай ауылының әкімі қарды трактормен өзі тазалап жүр. Жергілікті тұрғындар ауыл басшысының еңбекқорлығына тәнті болып, видеоға түсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.




Алматы облысы Көлбай ауылының әкімі Ержан Шәкеровке ҚазАқпарат тілшісі хабарласып, мән-жайды білді. Ауыл әкімі Ержан Шәкеров тракторға отырып, қар тазалағанына намыстанбайтынын айтты.


«Жоқ, керісінше. Мен осы Көлбай ауылында туғанмын. Кіндік қаным тамған туған ауылымның халқына қызмет етуден ешқашан шаршамаймын. Қар тазалайтын мекемелер біздің ауылдың ішкі жолдарын толықтай білмейді.


Ал мен тракторға отырып алып, жалғыз адам жүретін жолдарды да тазалаймын. Ол жұмысым үшін ешуақытта намыстанған емеспін. Керісінше, халқыма пайдамның тигеніне ризамын. Осыдан екі күн бұрын ғана қарды тазалап едім, тағы да жауды. Қазір тазалап жатырмын», дейді Көлбай ауылының әкімі Ержан Шәкеров.


Көлбай ауылының әкімі 37 жастағы Ержан Шәкеров – бес бала тәрбиелеп отыр. Ол өнерден де кенде емес болып шықты. Әкім өлең жазып, ән шырқап, домбыраның құлағында ойнайды. Ал оның Көлбай ауылының әкімі болғанына 1 жыл 2 ай болған екен.



Айта кетсек, Ержан Шәкеров ауылға айрықша сіңірген еңбегі үшін 2017 жылы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында  Президенттің «Құрмет» грамотасымен марапатталған.


Stan.kz





Көрілген: 587    Пікірлер: 1

жексенбі, 14.01.2018, 18:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31