Ел жаңалықтары

Алматы облысында аяздың салдарынан бірнеше елді-мекен сусыз қалды

  • Алматы облысында аяздың салдарынан бірнеше елді-мекен сусыз қалды

    Алматы облысында аяздың салдарынан бірнеше елді-мекен сусыз қалды

 Алматы облысының Талғар және Қарасай ауданындағы бірнеше елді-мекен ауыз сусыз қалды. 50 мыңнан астам тұрғыны бар Талғар қаласының 30 процентке жуық халқы қазір тіршілік нәрінсіз отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, судың тапшылығына қатты аяз себеп болған. Ауыз су тау өзендерінен алынады. Ал өзендерге мұз қатып, су алу жұмысы қиындаған. «Қазір Қарасай ауданына қарасты Жаңатұрмыс және Қырғауылды ауылының бірнеше көшелері сусыз отыр. Бірақ шамамен бір сағаттың көлемінде мәселе шешіледі. Ал Талғар қаласындағы халықтың 70-80% су бар. Бірақ судың қысымы өте төмен. Бұл жерде шаруашылық жүргізу құқығындағы «Су құбыры» МКК-ң екі бригадасы жұмыс істеп жатыр», деді Ғ.Жүкел. Сақылдаған аяз осылайша мамандарды әбігерге салып жатыр. Ал сусыз отырған халыққа тіршілік нәрі арнайы көлікпен жеткізілуде.


inform.kz




Көрілген: 441    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.01.2018, 11:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31