Ел жаңалықтары

Алматы облысында екі қыз ұшты-күйлі жоғалды

  • Алматы облысында екі қыз ұшты-күйлі жоғалды

    Алматы облысында екі қыз ұшты-күйлі жоғалды

Алматы облысында екі қыз жоғалып кетті - 23 жастағы Анастасия Букова мен 16 жастағы Аружан. Аружанның жоғалып кеткені жайлы "Дорожный патруль" хабарлап отыр.


Аружан есімді қыз (2002 жылы 18 қаңтар) Қарасай ауданы Шамалған бекетінде жоғалып кеткен. Аружан үйден 28 қаңтарда шығып кетіп, сол күйі оралмаған. "Жоғалып кеткен қыздың белгілері: бойы - 170-175 сантиметр, қара шашты, орта денелі. Үстінде жасыл күртке, қара түсті аяқкиім. Қара түсті рюкзакпен болды. Аружан жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұраймыз: 8 (702) 340 14 15, 8 (778) 008 80 77, 8 (702) 595 88 59 немесе 102", - делінген бағыттамада.

 Ал екінші қыз 23 жастағы Анастасияның жоғалып кеткені жайлы КТК телеарнасы хабарлап отыр. Телеарнаның мәліметінше, Анастасияның екі кішкентай баласы бар. Ол 20 қаңтарда ауруханаға дәрігерге қаралуға кетіп, сол күйі оралмаған. Екі күннен кейін келіншек күйеуіне хабарласқан. Оған жұмыс тапқанын және жақын арада үйге қайтатынын хабарлаған. Бірақ нақты қай жақта екенін айтпаған. Туыстары Анастасияны біреулердің күштеп ұстап отырғанына сенімді. "Хабарласып, барлығы жақсы, мейрамханада жұмыс істеп жүрмін. Бастапқыда қалада жұмыс істеп жүргенін айтты. Сосын Қапшағайдамын деді де асығып телефонды қоя салды", - дейді Анастасияның күйеуі Сергей Буков. Күйеуінің айтуынша, Анастасия балаларын ешқашан осылай ұзақ уақытқа тастап кетпеген.


kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 334    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.02.2018, 10:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31