Ел жаңалықтары

Алматыда 30 млн теңге айыппұл төлемеген жүргізуші ұсталды (фото)

  • Алматыда 30 млн теңге айыппұл төлемеген жүргізуші ұсталды (фото)

    Алматыда 30 млн теңге айыппұл төлемеген жүргізуші ұсталды (фото)

 Алматыда арнайы профилактикалық шара барысында Алатау ауданында 30 млн айыппұлы төленбеген жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алатау ауданында «Борышкер» профилактикалық шарасы барысында айыппұлды төлемей келе жатқан азаматтар ұсталды.



Аталған ауданда 3 күн қатарынан "КРИС-П" мобильді кешені қойылды. Бұл аппарат борышкер жүргізушілерді автоматы түрде анықтауға арналған.



Осы уақыт аралығында борышкерлерден 7 млн теңге өндірілген. «Инспекторлар 3 күн ішінде 7 млн теңге өндірді. 100 көлік айып тұрағына қойылды. Атап айтқанда, бір басында 30 млн теңге төленбеген әкімшілік айыппұлы бар жүргізуші ұсталды. Оның көлігі де айып тұрағына қойылды», - деді Алатау аудандық ІІБ әкімшілік полициясы бөлім басшысы Баукен Байымбетов.



Оның айтуынша, қазір жүргізушілерге айыппұлды смартфон арқылы төлеуге мүмкіндік туып отыр. «Бұл дегеніңіз борышкер адам қарызын сол жерде-ақ өтей алады деген сөз. Осы уақытта бірнеше жүргізуші осы инновациялық тәсілді пайдаланды»,- деді ол.


inform.kz




Көрілген: 692    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.12.2017, 13:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30