Ел жаңалықтары

Алматыда 600 мың еуроға алынған электроавтобус тағы жүрмей қор қылды

  • Алматыда 600 мың еуроға алынған электроавтобус тағы жүрмей қор қылды

    Алматыда 600 мың еуроға алынған электроавтобус тағы жүрмей қор қылды

Жүруінен тұруы көп болған эко-көліктің араға екі ай салып тағы да тұсаукесері өткізілген,-деп жазды КТК арнасы.

Алайда, туризмнің көсегесін көгерту үшін сонау Европадан аттай қалап алдырған электроавтобус туристерді тиеп алғаны сол еді, қайтадан баяғы әдетіне салып, орнынан жылжымай қалды. Жұрт бір көруге зар болған 600 мың еуроның көлігі жайлы тілші материалында.


Өзінен бұрын аты шыққан электроавтобусты қала тұрғындары көшеден көзбен іздеп бір көруге ынтық боп жүрген. Бүгін соның тағы да реті түсті. Сонау Еуропадан әкелінген ерекше автобусты жүргізушілері жуып-тазалап, екінші мәрте елге көрсетпек болды.


«Рас, басында аздап қиындықтар болды. Бірақ қазір автобус туристерді тасуға дайын. Техникалық құжаты бәрі дұрыс. Қаланы тамашалағысы келгендерге есік ашық! Электроавтобуспен қаланы аралауға шақырамыз»,-дейді электробус жүргізушісі Александр Чеканов.


Әлем бойынша алты-ақ данасы бар осы автобус екі ай бұрын елге таныстырылған. Ұзындығы 18 метр көлік кербезденіп көшеге шыға бергені сол еді, қиылыстардың біріне сыймай қалған. Ол жолы электроавтобусқа мінбей жатып түскендер, бұл жолы да алысқа ұзай қоймады.


Десе де, үшінші тұсаукесер болмайтын болды. Ұйымдастырушыларын тағы ұятқа қалдырмайын деді ме электр қуатымен жүретін көлік әйтеуір орнынан қозғалды.


Бұл еліміздегі ең қымбат автобус. Бағасы анау-мынау емес, 600 мың еуро тұрады. Кәдімгі жолаушылар қоғамдық көлігімен айырмашылығы жер мен көктей. Бүгіннен бастап Алматыны қызықтаймын деген кез-келген турист 3 сағат бойы армансыз Оңтүстік астананы осы тап-таза, ыңғайлы, жайлы электроавтобуспен аралай алады.


Электробус алғашқы үш күн тұрғындарға тегін қызмет етпек. Экскурсия күнделікті қала орталығынан бастап, тауға дейін жалғасады.


«Үш күн қатар экскурсияны тегін көрсетеміз. Барлық адамға. Сағат 10-нан бастаймыз. Медеуге барамыз”,-дейді туристік фирма директоры Әсем Қозыбаева.


Төртінші күннен бастап бұл саяхат көлігіне міну ақылы болады. Ел тұрғындары үшін мың жарым, ал шетелдік туристерге 3 мың теңгеден. Көліктің кереметтілігі сол, қозғалтқышы гүрілдеп есті шығармайды. Тек қуаты таусылып қалмаса болғаны. 




Көрілген: 600    Пікірлер: 0

сенбі, 14.10.2017, 11:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31