Ел жаңалықтары

Алматыда адам қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

  • Алматыда адам қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

    Алматыда адам қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Алматы полицейлері адам қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады. Оқиға 8 қыркүйек күні қаланың Түрксіб ауданында түнге қарай болған, деп хабарлады patrul.kz.


«Тойота Камри» автокөлігін тізгіндеген жүргізуші Бекмаханов көшесінің рұқсат етілмеген жерінен жүгіріп өтіп бара жатқан екі жаяу жүргіншінің біреуін қағып кеткен. Алған жарақатынан ол сол жерде көз жұмды.


Жүргізуші зардап шеккен адамға көмектесудің орнына оқиға болған жерден ізін жасырған. Бірнеше минуттан кейін полицейлер жаяу жүргіншіні қағып кеткен көлік пен оның жүргізушісінің жеке басын анықтады. Көлік Жигулевская көшесі маңындағы жеке сектордан табылды.


«Жүргізуші саналы түрде тергеу органдарынан жасырынбақ болған. Алайда оның бұл әрекетінен түк шықпады. Таяуда ол ұсталып, жауап алынды. 1975 жылы туған ер адам Алматыдағы Алатау ауданының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта Анықтау басқармасының жол-көлік оқиғаларын тергеу жөніндегі бөлімі осы дерек бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде, оның аясында тиісті сараптамалық зерттеулер жүргізіледі. Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралуда»,- деп мәлімдеді Алматы қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметі іздестіру бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ерік Насырбеков.


 




Көрілген: 574    Пікірлер: 0

сенбі, 16.09.2017, 22:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30