Ел жаңалықтары

Алматыда алапат өрт: Сөндіруге 120 адам мен ондаған машина жұмылды

  • Алматыда алапат өрт: Сөндіруге 120 адам мен ондаған машина жұмылды

    Алматыда алапат өрт: Сөндіруге 120 адам мен ондаған машина жұмылды

Алматыда 18 қазанға қараған түні алапат өрт шықты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Алдын ала мәліметтер бойынша, "Қазтрансформатор" ғимараты өртеніп, одан жалын көрші ғимаратқа көшкен.


Қалалық ТЖД-нің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың мәліметінше, Жетісу ауданы, Рысқұлов 99 үй мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы шақырту "101" пультіне түнгі үште түскен. "Бірінші өрт сөндіру есебі үш минуттың ішінде оқиға орнына жетті, яғни 03.03-те. Одан кейін оқиға орнына күш тартылды. Өртсөндірушілер оқиға орнына келгенде жағдай былай еді: екіқабатты кеңсе ғимараты өртеніп жатқан. Өрт орнында штаб құрылып, ғимаратты айнала үш өрт сөндіру бөлігі құрылған", - делінген ведомство хабарламасында. "Өрт сөндіру орнынан ең қашықта орналасқан гидрант 1,5 шақырымда еді, сондықтан "Алматы Тазалық" коммуналдық қызметінің су таситын көлігі қолданылып, оқиға орнына үздіксіз су жеткізу іске асырылды. Жалын мансардтағы тез жанатын құрасырма арқылы тез тараған. Өртсөндірушілер мен құтқарушылар өртті 06.17-де сөндірді. Жалын шарпыған аумақ - 3500 шаршы метр. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өртті сөндіруге 120 адам жұмылып, 36 дана техника тартылды", - деді Баймұхамбетова.




Көрілген: 555    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.10.2017, 11:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31