Ел жаңалықтары

Алматыда атышулы судья өзін өртеп өлген әйелдің ақыл-есінің дұрыстығына күмән келтірді

  • Алматыда атышулы судья өзін өртеп өлген әйелдің ақыл-есінің дұрыстығына күмән келтірді

    Алматыда атышулы судья өзін өртеп өлген әйелдің ақыл-есінің дұрыстығына күмән келтірді


Әділ шешім шығармай басы шатылған экс судья Өмірзақ Серімов енді өз-өзін өртеген марқұм Светлана Тұрғанбаеваға психологиялық сараптама тағайындауды сұрап отыр. Айтуынша, оның шығарған шешімі суицидке себеп болмаған деп хабарлайды КТК арнасы.


 

Алматыда атышулы судья өзін өртеп өлген әйелдің ақыл-есінің дұрыстығына күмән келтірді

Өзін өртеу. Көрнекі фото әлеуметтік желіден алынды



Бірақ, марқұм жанның балалары ақталуға тырысқан Серімовтің бұл әрекетін жазадан сытылудың бір амалы деп отыр. Одан бөлек бүгінгі сот отырысына Серімовтің құқайын көріп, үйсіз қалған жандар да келді.


Шешімінен ши шығып, бүгінде судьядан айыптыға айналған Өмірзақ Серімовке қатысты сот отырысы шұғыл бұрылыстарға толы болды. Өзін өртеп, бақилық болған Светлана Тұрғанбаеваның өліміне қатысы жоқ екенін кезекті рет қайталаған экс-судья, мәселенің мән-жайын анықтау үшін марқұмға психологиялық сараптама жүргізу керек деп айды аспаннан бір-ақ шығарды.


Серімов таяқтың екі ұшы барын айтады. Яғни, сот орындаушысы Елтоқовтың сол күні Тұрғанбаеваның тілін таппай, жанжалға түсуі өлімге себепкер болды дегенге меңзеп отыр.


"Сот орындаушысы емес, ол өзі кінәлі болып тұр. Өзі кінәлі! Сол үшін сот орындаушыға жабайын деп отыр", - дейді Светлана Тұрғанбаеваның қызы Айнұр Омарбаева.


Ботадай боздап анасынан айырылған балалардың өзектері әлі күні ащы өксіктен өртенеді. Өмірзақты өмір бойына қарғамасақ, кешірмейміз дейді.


Марқұмға сараптама жасауды ұсынған Серімовтің өлі адамдармен тырнақшаның ішіндегі «байланысы» бұрыннан бар болып шықты. Алматылық, Әлімжан Аңсаров та 2010 жылы экс-судьяның шешімімен далада қалған. Бір қызығы, іс бір жыл бұрын қайтыс болған адамның пайдасына шешілген.


"Ол 2009 жылы қайтыс болған. Алаяқтық жолмен біздің баспанамызды тартып алды. Мен бұл жерге әділдік іздеп келем. Серімов өз жазасын алар деп сенемін", - дейді  Алматы қаласының тұрғыны Әлімжан Аңсаров.


Сергелдеңге түскен Светлана Тұрғанбаеваның балалары Серімовтің судан таза, сүттен ақпын деген сөзіне сенгісі жоқ. Жазықсыз жанды жер жастандырған судьянаның өзі сотталмайынша тоқтамаймыз деп бекініп отыр. Келесі отырыс бір аптадан кейін жалғасады. Бірақ, атышулы істің нүктесі қашан қойылатыны әзірге белгісіз.







Көрілген: 258    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 14.09.2017, 00:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30