Ел жаңалықтары

Алматыда бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен Өзбекстан азаматы табылды

  • Алматыда бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен Өзбекстан азаматы табылды

    Алматыда бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен Өзбекстан азаматы табылды

Алматыда осыдан тура бір ай бұрын жоғалып кеткен Өзбекстан азаматы Хасан Қожақұлов табылды деп хабарлайлды Алматы арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Хасан Қожақұлов. кдар Алматы арнасы

Хасан Қожақұлов. кдар Алматы арнасы



Ұмытшақтық дертіне шалдыққан Хасан Қожақұловтың айтуынша, жалдап тұрған үйінен "Қалқамандағы" ауруханаға қарай өз бетінше бармақ болады.


Алайда ол діттеген жеріне жете алмай, басы ауған жаққа кете беріпті.


Абырой болғанда алдынан жақсы жандар жолығып, ішер асы мен қонатын жер ұсынған. Есесіне, қара күштің иесі қолынан келер жұмысты істеп, үй қожайындарына көмектесіпті.


"Жұмыс іздеп ақша табам деп бардым. Жұмысты тапқаннан кейін, 10 күн мал бақтым", - дейді Хасан.

10 күннен кейін Хасан Қожақұлов, жұмыс берушіге "Алтын Орда" базарына жеткізуді өтінген. Әйтсе де, базар маңын шыр айналған ол барар жерін есіне түсіре алмай, тағы да ұмытып қалады.


Барар жер басар тауы қалмаған өзбекстандық бірнеше күн жылу құбырының үстінде жатып, қақаған қаңтарда жан сақтаған.


Ақыр соңында, құзырлылар оны Алматы облысы Боралдай кентінен тауыпты.






Көрілген: 738    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.01.2018, 18:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31