Ел жаңалықтары

Алматыда экстремизмді насихаттайтын 300 сайт жабылды

  • Алматыда экстремизмді насихаттайтын 300 сайт жабылды

    Алматыда экстремизмді насихаттайтын 300 сайт жабылды

Алматы прокуратурасы экстремистік насихат жүргізетін ақпарат көздерімен күресті күшейтпек.


Тек соңғы 2 жылда қалада осындай 300-ге жуық интернет құралы жабылған. Алайда заңның орындалуын қадағалаушылардың пікірінше, бұл шаралар жеткіліксіз. Сондықтан, қалалық прокуратура қызметкерлері «Алматы OPEN» жобасы аясында бірқатар ұсыныс әзірлеп, оларды жан-жақты талқылауға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерін шақырды. Жобаны әзірлеушілердің пікірінше, экстремистік насихатқа тосқауыл қою үшін жамағатқа уағыз оқу жеткіліксіз. Қалың бұқараны қамту үшін әлеуметтік желілерді кеңінен пайдаланып, қазақ-орыс тілдерінде деструктивті ақпараттың зиян екенін түсіндіретін сайттар ашу керек. Сондай-ақ кинотеатрларда жеңіл қабылданатын, түсінікті кинолар мен әлеуметтік бейнероликтер көрсету жоспарланып отыр. Мұнымен қатар, прокуратура өкілдері діни қызметкерлерді шешендік өнерге үйрететін орталық ашуды ұсынды. Ресми мәліметке сүйенсек, бүгінде Қазақстан имамдарының тек 19%-ының жоғары білімі бар екен.


«Біз осы үгіт-насихат жұмысын жүргізуге, түсіндіру жасауға дайын екенімізді атап өттік. Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Instagram-дағы парақшасына кірсеңіз, онда жазылушыларының саны аз. Үлкен жұмыс жасау керек», - деді қалалық прокуратураның басқарма басшысы Сәбит Чембеков.


Дереккөз: Хабар24


 




Көрілген: 326    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 18.05.2017, 20:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30