Ел жаңалықтары

Алматыда қарбыз жәрмеңкесі өтеді

  • Алматыда қарбыз жәрмеңкесі өтеді

    Алматыда қарбыз жәрмеңкесі өтеді

25 тамыз күні «Атакент» алдындағы алаңда Arbuz-Fest-2018» екінші қарбыз жәрмеңкесі өтеді. Оған Алматы облысының 5 ауданы қатысады, деп хабарлайды Алаш айнасы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Аталған жәрмеңкеге Алматы облысының Іле, Қарасай, Жамбыл, Ұйғыр және Талғар ауданының фермерлері қатысып, өз өнімдерін халыққа ұсынады. Атап айтар болсақ 24 тонна қарбыз бен 6 тонна қауын жеткізілмек. Өткен жәрмеңкеде 10 тонна өнім әкелінген.


«Осы жылдың алғашқы қарбыз жәрмеңкесі екі апта бұрын Алматыда өткен еді, ол кезде барлық өнім екі сағаттың ішінде сатылып кетті. Қала тұрғындарының үлкен сұранысы мен науқаншылдықты ескеріп екінші жәрмеңкені ұйымдастыру шешімі қабылданды. Бұл жолғы жәрмеңкеге басқа аудандар да шақырылды», -дейді Алматы қаласының Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Абызбаев.


Жәрмеңке таңғы сағат 8 ашылады. Ең белсенді қатысушыларды байқаулар мен бағалы сыйлықтар күтіп тұр. Өткен жолғы байқаулардың бірінде жеңімпаз спорттық велосипед ұтып алған.




Көрілген: 390    Пікірлер: 0

жұма, 24.08.2018, 20:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31