Ел жаңалықтары

Алматыда қатерлі ісікке шалдыққандарға дәрі жетіспеушілігі түсіндірілді

  • Алматыда қатерлі ісікке шалдыққандарға дәрі жетіспеушілігі түсіндірілді

    Алматыда қатерлі ісікке шалдыққандарға дәрі жетіспеушілігі түсіндірілді

Алматыда медицина мамандары қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың дәрілік заттар тапшы деген шағымына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі. 


Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Исабеков, «Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру қорының» Алматыдағы бөлімшесінің директоры Төлеухан Әбілдаев, «СК Фармация» компаниясының өкілі Наталья Зеленская аталған жәйтке байланысты түсініктеме берді. Нұржан Исабековтың айтуынша, дәрілік заттың уақытша тапшылығы сүт безімен ауыратын әйелдердің санының 5 пайызға артуына байланысты болып отыр. "Әр салада жыл соңында қалада тіркелген науқастардың санына қарай тапсырыс беріледі. Қазір бұл проблема сүт безі қатерлі ісігімен ауыратындарға дәрінің бір түрі герциптин бойынша болып тұр. Науқастардың саны көбейгендіктен дәрілік заттар жетпей қалды. Былтырғымен салыстырғанда олардың саны 5 пайызға артып отыр", - деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Исабеков. Мамандардың айтуынша, Алматыда қазір 32 науқас әйел ай сайын герциптин препаратын алып тұруы керек. Әр науқас 18 ампуланы 1,5 жылда қабылдауы тиіс. Бір ампула құны 300000 теңгеге бағаланған. Аталған дәрі дәріханаларда сатылмайды. Тек бірыңғай дистрибьютор «СК Фармация» арқылы ғана жеткізіледі. "Биыл Алматыда 5426 әйел есепте тұр. 8 айда тағы 406 әйелден қатерлі ісік анықталды. Былтырғымен салыстырғанда 5 пайызға артқан. Олардың 32-сі осы дәріге мұқтаж. Бүгінде 50 ампула мұқтаж адамдарға Қызылорда облысынан қарызға алынып берілді. Біздің тапсырыс жеткен соң орнына қайтарылады", - деді Алматы онкологиялық орталығының директоры Нұрсұлтан Ізбағамбетов. Ал дәрілік заттың уақытында жеткізілмеуін «СК Фармация» өкілі Наталья Зеленская былайша түсіндірді. «2018 жылға Алматы онкологиялық диспансері 2,2 млрд теңгеге тапсырыс берді. Тапсырысты қарастыру кезінде 1,9 млрд теңгенің өнімі мақұлданды. 1,7 млрд теңгенің дәрілік заттары жеткізілді. Герциптин препараты Қазақстанға қыркүйекте жеткізілген. Қазір сертификация процедурасында тұр», - деді Н.Зеленская. Енді қала билігі тапшы дәрілерді жеткізуге бюджеттен қосымша қаржы қарастырмақшы. «Биыл Алматы онкологиялық қызметі 2017 жылғы деңгейде қаржыландырылды. Дәрілік заттармен қамтуда түйткілді мәселе жоқ. Тек бір ауру бойынша дәрілік заттың бір түрі жеткізілмей жатыр. Оған қосымша қажеттілік туындады. Бұл мәселені біздің қордың орталық аппараты мен ҚР ДСМ аппараты жан-жақты қарастыруда», - деді «Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру қорының» Алматыдағы бөлімшесінің директоры Төлеухан Әбілдаев. Оның айтуынша, биыл Алматы онкологиялық қызметіне 3 млрд 222 млн теңге бөлінген. Айта кету керек, Алматы қалалық онкологиялық орталығының пациенттері дәрілік заттарға уақытында қол жеткізе алмай жатқандарына шағымданған болатын. Айтуларынша, тендер ұтып алған "СК-Фармация" компаниясы дәрілерді уақытында жеткізбеген. Жалпы биыл Швейцариядан құны 2,5 млрд теңге болатын 55 атаулы дәрілік зат жеткізу жоспарланған.  




Көрілген: 210    Пікірлер: 0

сенбі, 15.09.2018, 11:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31