Ел жаңалықтары

Алматыда «көлеңкелі» экономикамен күрес күшейді

  • Алматыда «көлеңкелі» экономикамен күрес күшейді

    Алматыда «көлеңкелі» экономикамен күрес күшейді

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті көлеңкелі экономикамен күресті күшейту мақсатында қалада «Көлеңкелі экономикамен күрес акциясы» іс-шарасының жоспарын жасады. Аталған шара 2017 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың желтоқсанына дейін жалғасады.

Нақты кірісті жасыру – көлеңкелі экономиканың бір көрінісі. Бұл қолма-қол ақшамен есеп айырысатын сауда-саттық саласында белең алған бұл жағдай салықтың төмендеуіне әкеледі.

Соңғы үш айда Алматы қаласындағы сауда орындары мен базарларында кіріс көлемін нақты көрсету қажеттілігі жайлы мемлекеттік кіріс органдары жүргізген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде ел бюджетіне қосымша 166.9 млн теңге қаржы түскен, 800 жұмысшы легализацияланды. Сондай-ақ пәтерлерін жалға берушілерден 4500 адам жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 4 есеге көп.

Әлі күнге кейбір мекемелерде жқмысшыларға жалақыны «конвертке» салып береді. Ай сайын Қазақстанда мыңдаған жұмысшы ҚР заңында көрсетілген ең төменгі жалақыны (24459 теңге) алады, ал қалғаны конвертке салып беріледі.

Ағымдағы жылдың 8 айында атқарылған жұмыстың нәтижесінде жұмыс берушілер 37 мың жалдамалы жұмысшыны легализациялады. Бұл да мемлекет бюджетінің толығуына әсер етті әрі жұмысшыларға әлеуметтік қолдау болды.




Алматы қаласының базарларында контарфактілі заттардың бар. Мұндай тауарлардың басым бөлігі алкогольдік ішімдіктер мен шылым түрлері. Кедендік рәсімдеусіз тауарды контрабандалық жолмен тасымалдау ел бюджетінің залалын тигізеді.

2017 жылдың 8 айында ҚР ҚК 214, 233 баптары бойынша 15 іс қозғалып, олардың 12-сі сотқа жөнелтілген.


Жақында ішімдік жасайтын жасырын цехтар анықталып, олардың жұмысы тоқтатылды. Сондай-ақ Қырғызстаннан заңсыз темекі тасыған 4 топ құрықталды.

Заңсыз сауда айналымынан сомасы 720 миллион теңгелік 870 мың бөтелке ішімдік және жүздеген мың жалған маркалы темекі өнімдері алынып тасталды.

Жалған ақша жасаушылар мен ойын бизнесіндегі заңсыздықтарға да ерекше көңіл бөлінуде. Жыл басынан бері жалған ақша жасау бойынша 5 факт анықталып, қылмыстық іс сотқа жіберілді. Сонымен қатар жалған ақша жасайтын жасырын цех анықталып, оның да жұмысы тоқтатылды. «заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бабы бойынша 57 іс қозғалған.

Акцияның мақсаты көлеңкелі экономкамен күреске қала халқын жұмылдыру.

Осы орайда департмент Алматы қаласының тұрғындарын көлеңкелі экономикамен күресте белсенділік тантыуға, заңсыз әркеттерге бейжай қарамауға шақырады. Заңсыз кәсіпкерлік, жалақыны конвертпен беру, тағы басқа заңсыз әрекеттерді байқаған жағдайда Департаменттің Facebook (@dgdalmaty) парақшасына жазуды сұрайды.




Көрілген: 421    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 19.09.2017, 11:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31