Ел жаңалықтары

Алматыда көлік кептелісін азайтудың жолдары айтылды

  • Алматыда көлік кептелісін азайтудың жолдары айтылды

    Алматыда көлік кептелісін азайтудың жолдары айтылды

Алматыда жол қозғалысын ұйымдастырудың кешенді сызбасы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Жиында бүгінгі таңда Алматыда 467 мың көлік тіркелген. Алматы облысында тіркелгені 485 мың, олардың 300 мыңнан астамы қалаға қатынайтыны айтылды. Ресми статистикаға жүгінсек, 2017 жылдың маусым айында мегаполис халқының саны 1млн 777 мың тұрғынға жеткен.


Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұрат Дәрібаев қазіргі кезде көлікті өткізу қабілетін ұлғайту жөніндегі реформаның толық қарқын алғанын атап өтті.


«Мегаполис орталығында қоғамдық көліктердің жолақтары ерекшеленуде, 30 жолайрығы салынуда, жаяу жүргінші аймағы жасалып жатыр. Қалада көлік тұрақтарын абаттандыру жұмыстары жалғасуда», - деді ол.


Алматы әкімдігі қаланың көше-жол жүйесінің көлікті өткізу қабілетін арттыруға ықпал ететін ЖҚҰКС (жол қозғалысын ұйымдастырудың кешенді сызбасы) жобасын жасауға тапсырыс берген еді.


«Қалада қарбалас сәтте көлік қозғалысының жылдамдығы 19 км сағатқа дейін төмендейді. Алматыда 2017-2023 жылдары Жол қозғалысын ұйымдастырудың кешенді сызбасы жобасы барысында уақыттың тығыздығы кезінде көлік қозғалысының орташа жылдамдығы 25 км сағатқа жетеді», - деді Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Талғат Хосчанов.


Шара барысында жоғары жылдамдықтағы автобус қатынасының 1-ші кезегінің құрылысы талқыланды. Оның 2-ші кезегінің құрылысы жобалануда, сонымен қатар жеңіл рельсті көлік (ЖРК) жобасын жүзеге асыру мәселесі сөз болды, жаңа жолақтар пайда болуда, жаңа көлік бағыттары ашылуда, велобекеттер және басқалары жасалуда.


Айта кетейік, ЖҚҰС жобасы бойынша Құрманғазы және Шевченко көшелері бойында бір жақты көлік қозғалысы жасалды. «Алматы қаласы ауасының сапасы барынша төмен. Көп жылдан бері ауаның ластану индексі тұрақты түрде 10 бірліктен асып түседі. Қара тозаң қаланың басым бөлігін қамтыған, бұл тозаңның 90 %-ы көліктен шығады. Жол қозғалысын ұйымдастырудың кешенді сызба (ЖҚҰКС) жобасы жүзеге асса мегаполис экологиясы жақсарады, көлік проблемасы шешімін табады, қала тұрғындары үшін жайлы жағдай жасалатын болады», - деді Талғат Хосчанов.




Көрілген: 632    Пікірлер: 0

жұма, 20.10.2017, 19:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31