Ел жаңалықтары

Алматыда полицейлер «Орташа жылдамдық» бағдарламасын іске қоспақ

  • © nu-today.ru

    © nu-today.ru

Жылдың соңына қарай Алматы жолдарында жылдамдықты шамадан тыс арттырған жүргізушілерді анықтайтын арнайы бағдарлама іске қосылады. Бұл туралы Алматы ІІД бастығы Серік Күдебаев ІТ-индустрия өкілдерімен кездесуде айтты.


«Қауіпсіздікті цифрландыру» тақырыбымен өткен шарада ІІД басшысы енді кореялық тәжірибе пайдаланылатынын жеткізді.


«Ең көп жол-көлік оқиғасы Алматыда болады. Біз «Орташа жылдамдық» арнайы бағдарламасын іске қосамыз. Бұл - Корея тәжірибесі. Бұған дейін жүргізушілер камераға жақындағанда ғана жылдамдықты азайтып, одан өткен соң қайта арттыратын, яғни қай жерде қалай жүру керек екенін білетін. Жаңа жүйені Шығыс айналма жолы мен әл-Фараби даңғылының 10 учаскесінде пайдаланып жатырмыз. 2 айда 400 мың ереже бұзу дерегін анықтап, жалпы 200 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Талдауларға қарағанда, жылдамдықты 1 километр/сағатқа азайту жол апатын 3%-ға қысқарту мүмкіндігін береді», - дейді С. Күдебаев.


Оның айтуынша, жылдың соңына қарай автобустар арнайы жолақпен жүрген көліктерді анықтайтын видеокамералармен жабдықталады. Оларды сатып алу үшін тендер өткізіліп жатыр. Оларды желтоқсанның аяғына дейін қоғамдық көлікке орнату жоспарлануда.


ҚазАқпарат


 




Көрілген: 503    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.08.2018, 22:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31