Ел жаңалықтары

Алматыда табылған физик ешқандай да құлдықта болмаған

  • Алматыда табылған физик ешқандай да құлдықта болмаған

    Алматыда табылған физик ешқандай да құлдықта болмаған

Алматыда табылған физик Юрий Образцов ешқандай да құлдықта болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметінің ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.


"Тексеру бойынша анықталған жай, Образцов Юрий Джанович 2014 жылы Алматыға Новосибирскіден пойызбен сәуір айында келген. Дәрігер-мамандармен сөйлескенде ол өзінің Новосибирск облысындағы психодиспансерде есепте тұрғанын айтқан. Мамандар сұрағына жауап бергенде Алматыға келген соң одан әрі Ташкентке кету туралы жоспарын да жеткізген. Ол бір ауылдан екінші ауылға бірде жаяу, бірде түрлі көлікке мініп жүре берген. Ешкім оны күштеп ұстамаған. Үш жыл бойы қайда болғаны, қайда тұрғаны туралы сұраққа жауап бере алмаған. Сот-медициналық сараптама жүргізілді, оның денесінен ешқандай жарақат анықталмады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", - деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев. Еске сала кетейік, осыған дейін 2014 жылдан бері Алматы облысында тұтқында болған делінген Новосібірдің физик әрі ядролық қару шығарушысына отанына оралу үшін құжаттардың жіберілгені туралы хабарланған болатын. Сондай-ақ, Ресей Федерациясының Новосібір облысы бойынша тергеу басқармасының Тергеу комитетіндегілер тергеу бөлімінің бұқаралық ақпарат құралдарында 2014 жылы із-түссіз жоғалып кеткен Қазақстан Республикасының 54 жастағы тұрғынының еңбек құлдығына тартылғаны жайлы мәліметтерді тексеруге кіріскенін айтқан болатын.

Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/crime/almatyida-tabyilgan-fizik-eshkanday-da-kuldyikta-bolmagan-278530/

Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз. 




Көрілген: 488    Пікірлер: 0

сенбі, 18.03.2017, 20:51

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30