Ел жаңалықтары

Алматыда таксист әуежайдан қонақүйге дейін шетелдікті 40 мың теңгеге жеткізген

  • Алматыда таксист әуежайдан қонақүйге дейін шетелдікті 40 мың теңгеге жеткізген

    Алматыда таксист әуежайдан қонақүйге дейін шетелдікті 40 мың теңгеге жеткізген

Әуежайдан «Қазақстан» қонақүйіне дейінгі қызметі үшін америкалық қонақтан алматылық такси жүргізушісі 40 мың теңге алған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Такси жүргізушінің бағаны тым асыра сілтеп жібергенін естіген қонақүй қызметкерлері полицияға қоңырау шалған.


Жүргізушінің кім екенін бірден анықтап, оны полиция бөлімшесіне шақырдық. Шетелдік азаматшаның баға мөлшерін білмейтінін пайдаланып, жолақысын көтеріп жібергенін ол бірден мойындады,-деді Медеу аудандық ІІБ басшысы Болат Тотыбаев. Такси жүргізушісі 53 жастағы әйелге артық алған ақшасын қайтарып берді. Шетелдік қонақ қазақстандықтардың жасаған көмегіне ризашылығын білдірді. «Таксистпен пікірлесіп, оған мұндай жағдайлардың ел имиджіне кері әсерін тигізетіні жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргіздік»,-деді Б. Тотыбаев.




Көрілген: 401    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.12.2017, 09:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30