Ел жаңалықтары

Алматыда үш жаңа жолайрығы салынады

  • Алматыда үш жаңа жолайрығы салынады

    Алматыда үш жаңа жолайрығы салынады

 Алматының кіші көлік айналма жолында жаңа жолайрықтар салынады, деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан. Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек үш жаңа көлік жолайрығының құрылысын тексерді.


Назарбаев даңғылын Жансүгіров көшесіне дейін үңгілеу


«Солтүстік – Оңтүстік» бағытында Сейфуллин даңғылы бойынша көлік жүктемесін едәуір азайтады.


Қазіргі кезде мұнда эстакада қабырғаларын монтаждау және нысанның тіректерін жасау жұмыстары жүріп жатыр. учаскеде көлік қозғалысын белгіленген мерзімнен екі ай бұрын, яғни қазан айында ашу жоспарланған.


Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесі бойына жолайрық салу — көлік қозғалысы легін 20%-ға арттырады.


Құрылысты аяқтау 2019 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған.


Рысқұлов даңғылы мен Құлжа трактісінің қиылысында да жаңа жолайрық салынуда,


бұл солтүстік-шығыс бағыттағы кіші көлік айналымының көлік өткізу қабілетін арттырады.


Қазіргі кезде мұнда эстакада тіреуінің астына өндіріс қондырғылары орнатылуда және инженерлік желілер қайта ауыстырылып жатыр. Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесі бойына да жаңа жолайрығы бой көтеруде.


Наурызбай ауданын орталықпен қосу үшін Шаляпин және Жандосов көшелеріне басымдылық берілуде, Абай даңғылын Әшімов көшесінен қала шекрасына дейін үңгілеу жалғасып жатыр.


Айта кетерлігі, биылғы жылы мегаполисте бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова,Төлебаев көшелері мен «Астана» алаңынан өзге мегаполистің бірқатар негізгі даңғылдары жаңарады.


Қаланың барлық ауданында 150-ден астам көше жөнделіп, 600 аула қайта жаңарады. 


Sputnik Қазақстан.




Көрілген: 281    Пікірлер: 0

жұма, 18.05.2018, 09:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31