Ел жаңалықтары

Алматыдағы үлкен жол айрығының құрылысы 2019 жылы аяқталады

  • Алматыдағы үлкен жол айрығының құрылысы 2019 жылы аяқталады

    Алматыдағы үлкен жол айрығының құрылысы 2019 жылы аяқталады

Алматыда Жансүгіров-Сейфуллин жол айрығы 2019 жылы пайдалануға беріледі. Бұл туралы Жетісу ауданының әкімі Мұхтар Тәжібаев халықпен кездесуінде мәлім етті.

«Сейфуллин Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы жол айрығы құрылысы 2019 жылға дейін жалғасады. Назарбаев даңғылын Жансүгіров көшесіне дейін созу жұмыстары 2018 жылы желтоқсанда аяқталады», – деді Мұхтар Тәжібаев.


Айта кету керек, «Сейфуллин-Жансүгіров» жол айрығы жобасының құрылысы 2015 жылы басталуы тиіс болған еді. Алайда қала билігі қаржының жетіспеушілігі себебінен бұл жобаны 2 жылға кейін шегеріп қойды.


Сондай-ақ, Алматыда Первомайский шағын ауданында жеке амбулаториялық пункт ашылады.


«Қазір бұл жерде инженерлік желілердің барлығы тексеріліп жатыр. Қалалық энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы инженерлік желілерді қайта жөндеудің жобалық сметалық құжаттамасын жасап жатыр. Одан соң мемлекеттік сараптама тағайындалып, бюджетке бекіту туралы өтінім беріледі. Бөлінетін қаржыға байланысты су, кәріз желілері, абаттандыру жұмыстары қолға алынады», – деді әкімдіктен.


Аудан әкімінің айтуынша, 2018 жылы Палладин, Боралдай, Қожамияров көшелеріне магистарлды газ құбырлары тартылады. 




Көрілген: 323    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.02.2018, 14:01

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31