Ел жаңалықтары

Алматының университеттері студенттерге қоғамға қызмет етуді үйрете бастады

  • Алматының университеттері студенттерге қоғамға қызмет етуді үйрете бастады

    Алматының университеттері студенттерге қоғамға қызмет етуді үйрете бастады

  • Алматының университеттері студенттерге қоғамға қызмет етуді үйрете бастады

    Алматының университеттері студенттерге қоғамға қызмет етуді үйрете бастады

Бүгін Алматыда қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "U38" университеттер альянсы студенттерді қоғамға қызмет етуге үйрету бойынша курс енгізуге бастамашылық жасады. Бұл туралы Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарына "CommunityServiceLearning" бағдарламасын енгізу бойынша әлемдік тәжірибені таратуға бағытталған семинар барысында мәлім болды.


"U38" альянсының төрайымы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ проректоры Шолпан Жаманбалаеваның айтуынша, қоғамға қызмет етуді Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарының студенттері басты құндылық ретінде жалғастыруы керек.


Профессорлық-оқытушылық құрамның пікірінше, қоғам алдындағы өзінің әлеуметтік жауапкершілігін терең түсінетін мамандарды дайындау – "Рухани жаңғыру" бағдарламасының басты мақсаты. Бүгінгі таңда Алматы университеттері білім беру үдерісі аясында студенттерге "қоғамға қызмет етуді" жүйелі түрде оқыту үшін көшуге дайын. Бұл әдісті енгізген жетекші университеттер басқа білім беру ордаларына семинар-тренингтер ұйымдастыру арқылы әдістемелік көмек көрсететін болады.


Алматының 38 ЖОО өкілдері қатысқан алғашқы семинарда AlmatyManagementUniversity-дің тәжірибесі таныстырылды.


"2015 жылдан бастап "CommunityServiceLearning" пәнін студенттердің барлығы оқуға міндетті болып саналады. Аталған оқу курсы аясында білім алушылар қоғамға қызмет етуді оқиды және қарттар үйінде, мүгедектер үйінде, сондай-ақ басқа да әлеуметтік ұйымдарда жұмыс істеу арқылы алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануды үйренеді", - деп хабарлады AlmatyManagementUniversity-дің бірінші проректоры Алмагүл Қанағатова.


"U38" альянсының жаңа ауқымды жобасын үйлестіруді AlmatyManagementUniversityіске асыратын болады.


Еске сала кетейік, "Universities 38" Алматы университеттерінің альянсы "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруда мұғалімдердің әлеуетін нығайту үшін құрылды. Альянс жоғары оқу орындарын рухани жаңғыруға жетекшілік етуге көмектесетін тәжірибе алмасу және жаңа жобаларды дамытуға арналған алаңға айналды.


Аталмыш альянс ағылшын тілін үйретуге бағытталған "Almaty study English project" жобасын, "Алматы жайлы 100 қызықты дерек" және тағы басқа да жобаларды жүзеге асырды. Сондай-ақ, U38 альянсы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтымен бірлесіп, әлеуметтану бойынша 2 кітапты оқу жоспарына енгізу бойынша әдістемелік нұсқаулық әзірледі.




Көрілген: 205    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.09.2018, 17:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31