Ел жаңалықтары

Арақ-шараптан түгелдей бас тартқан ауылдың тіршілігі туралы не білеміз? (фото)

  • Арақ-шараптан түгелдей бас тартқан ауылдың тіршілігі туралы не білеміз? (фото)

    Арақ-шараптан түгелдей бас тартқан ауылдың тіршілігі туралы не білеміз? (фото)


Алматы облысы Алакөл ауданына қарасты Жыланды ауылы табиғатының ғана емес, халқының да ерекшелігімен көз тартады. Екі мыңға жуық тұрғыны бар ауыл салауатты өмір салтын ұстанып, арақ-шараптан түгелдей бас тартқан. Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.



 




Арақ-шараптан түгелдей бас тартқан ауылдың тіршілігі туралы не білеміз? (фото)

ЖЫЛАНДЫ АУЫЛЫ. ФОТО: ПЕТР КАРАНДАШОВ



Жыланды ауылының тұрғыны Әнуарбек Жүнісовтың айтуынша, 2010 жылдан бері ауылда арақ-шарап өнімдерінің сатылуына тыйым салынған.


«Рамазан айы болатын. Ауылдағы ақсақалдар кеңесі ащы судан жастарды аулақ ұстау үшін арақ өнімдерін сатпау туралы үкім шығарды. Тұрғындар бұл ұсынысты құптап, дүкен иелері арақ-шарап сатудан бас тартты. Мұндай үрдіс еліміздің басқа өңірлеріне үлгі болса деген ниетіміз бар», - дейді ауыл тұрғыны Әнуарбек Жүнісов.




Арақ-шараптан түгелдей бас тартқан ауылдың тіршілігі туралы не білеміз? (фото)

ЖЫЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ. ФОТО: ПЕТР КАРАНДАШОВ



Ауыл халқының арақ өнімдерінен бас тартуына Бауыржан Оспановтың да көмегі тиді. Белгілі кәсіпкер ауыл тұрғындары тұрмысын дөңгелету үшін жылқы малын сыйлаған. Қолынан іс келетін тұрғындар бие сауып, қымыз ашытып, ауыл халқының басым бөлігі салауатты өмір салтына бет бұрды. Тұрғындардың айтуынша, ауылдағы  мешітке, қарияларға, оқушылар мен сырқат адамдарға тегін қымыз жеткізіліп тұрады.




Арақ-шараптан түгелдей бас тартқан ауылдың тіршілігі туралы не білеміз? (фото)

БАУЫРЖАН ОСПАНОВ, МЕЦЕНАТ



"Өзім өмірімде аузыма арақ та, сыра да, шампан да алып көрмеген адаммын. Темекіге де еш әуестігім болмапты. Осы өмір салтын әлі күнге дейін ұстанып келемін.


Ауылға барған сайын спортқа икемді, білімге құштар балалардың көптігін байқайтынмын. Олардың ынта-жігеріне қарап, салауатты өмір салтын тек жастар жағы емес, үлкендер де ұстану керек деген ойға келдім. Ауылдағы дүкен иелері мен кәсіпкерлерге қосымша қаржы ұсынып, арақ-шарап өнімдерін сатпау туралы ұсыныс тастадық.


Міне, бірнеше жылдан бері Жыланды ауылында алкогольді ішімдік  сатылмайды. Тегіс ауыл бас тартты. Енді көршілес Лепсі ауылы да осы жүйеге бет бұрып келеді. Қателеспесем, ол жақта аталған өнімдерді сататын бір ғана дүкен қалған сияқты. Ораза айында бұл ауылдағы дүкендер де алкогольді өнімдер сатуды тоқтатып қойған болатын", - дейді Бауыржан Кеңесбекұлы.




Арақ-шараптан түгелдей бас тартқан ауылдың тіршілігі туралы не білеміз? (фото)

ЖЫЛАНДЫ АУЫЛЫ. ФОТО: ПЕТР КАРАНДАШОВ



Бір-бірімен көршілес жатқан Жыланды және Лепсі ауылдары облыс орталығы Талдықорғаннан тым шалғайда.




Арақ-шараптан түгелдей бас тартқан ауылдың тіршілігі туралы не білеміз? (фото)

ЖЫЛАНДЫ АУЫЛЫ. ФОТО: ПЕТР КАРАНДАШОВ



Әйтсе де, мұнда тұрғындардың еңбек етіп, мал тауып, салауатты өмір салтын ұстануына бар жағдай жасалған.




Арақ-шараптан түгелдей бас тартқан ауылдың тіршілігі туралы не білеміз? (фото)

ЛЕПСІ АУЫЛЫ. ФОТО: ПЕТР КАРАНДАШОВ



Мәселен, Лепсі ауылында 150 балаға арналған спорт интернаты бар. Аталған интернат осыдан екі жыл бұрын Бауыржан Оспановтың қолдауымен ашылған. Бүгінде интернатта Олимпиада бағдарламасына енетін спорт түрлері бойынша болашақ чемпиондар тәрбиеленіп жатыр.


"Балалар алаңсыз жаттығуы үшін спорт мектебі керектігін байқадым. Балалар бір ауылдан екінші ауылға қатынап жүрмеуі үшін қажет еді бұл.  Өзім туып-өскен Жыланды ауылына көршілес жатқан Лепсіден балаларға арнап спорт мектеп-интернатын салдық. Бүгінде спорттың алты түрі бойынша балалар тегін білім алуда.


Спорттық киімдері, күнделікті тамақтануы, жаттығуы - бәрі шешілген. Жарыстарға баратын болса да балаларды демеп, қолдап жүреміз. Ал балаларға сабақ беретін мұғалімдер мен жаттықтырушылар мемлекеттен жалақы алады. Мен бапкерлер мен ұстаздар қауымына қосымша қаржы беріп тұрамын", - дейді Бауыржан Кеңесбекұлы NUR.KZ порталына берген  сұхбатында.




Арақ-шараптан түгелдей бас тартқан ауылдың тіршілігі туралы не білеміз? (фото)

ЛЕПСІ АУЫЛЫНДАҒЫ СПОРТ ИНТЕРНАТЫ. ФОТО: ПЕТР КАРАНДАШОВ



Мұндағы оқушылар еркін күрес, грек-рим күресі, бокс, дзюдо және шаңғы спорты бойынша маманданады. Интернаттың ашылғанына көп уақыт болмаса да, тәрбиеленушілер облыс пен ел біріншілігінде чемпион атанып үлгерді.




Арақ-шараптан түгелдей бас тартқан ауылдың тіршілігі туралы не білеміз? (фото)

ЛЕПСІ АУЫЛЫНДАҒЫ СПОРТ ИНТЕРНАТЫ. ФОТО: ПЕТР КАРАНДАШОВ



Спорт интернатында балалар тегін тамақтанады. Төрт мезгіл тамақ ішетін спортшыларға күн сайын қымыз беріліп тұрады. Сондай-ақ, күн сайын жергілікті Лепсі бал зауытынан шығарылатын табиғи бал да болашақ чемпиондардың ас мәзірінде бар.




Арақ-шараптан түгелдей бас тартқан ауылдың тіршілігі туралы не білеміз? (фото)

ЖЫЛАНДЫ АУЫЛЫ. ФОТО: ПЕТР КАРАНДАШОВ



Спорт интернатының директоры Советхан Нүсіповтің айтуынша, белгілі кәсіпкер Лепсі ауылының тұрғындарына арнап екі қабатты мешіт салғалы жатыр. Сондай-ақ, спортшылардың денсаулығын басты назарда ұстайтын спорттық сауықтыру кешені де ауыл орталығынан бой көтереді.




Арақ-шараптан түгелдей бас тартқан ауылдың тіршілігі туралы не білеміз? (фото)

ЖЫЛАНДЫ АУЫЛЫНДАҒЫ ҚЫЗДАР ЖАТАҚХАНАСЫ. ФОТО: ПЕТР КАРАНДАШОВ



Бауыржан Оспанов өзі туып-өскен Жыланды ауылында да игілікті істердің бастамашысы болып жүр. Осыдан төрт жыл бұрын физика-математика бағытындағы лицей жанынан қыз балаларға арналған жатақхана ашылды. 120 орындық жатақханада қыз балалардың білім алуына бар жағдай жасалған.




Арақ-шараптан түгелдей бас тартқан ауылдың тіршілігі туралы не білеміз? (фото)

ЖЫЛАНДЫ АУЫЛЫНДАҒЫ ҚЫЗДАР ЖАТАҚХАНАСЫ. ФОТО: ПЕТР КАРАНДАШОВ



Сондай-ақ, физика-математика бағытындағы мектепте сабақ беретін 16 мұғалім белгілі кәсіпкердің шақыртуымен ауылға арнайы келген. Алматы мен Талдықорғандарды беделді оқу орындарын бітірген мамандар оқушыларға сапалы білім беру мақсатында шақырылыпты.


 




Арақ-шараптан түгелдей бас тартқан ауылдың тіршілігі туралы не білеміз? (фото)

 


«Оқу орнын енді бітірген білікті жастарды Бауыржан Кеңесбекұлының бастамасымен ауылға шақырттық. Оларға арнап меценат 12 жаңа үй салып берді. Жас мамандардың үй-жайы мен тұрмысқа қажетті барлық жабдықтарын да меценат ағамыз өзі сыйлады.


Мұғалімдерге үкімет төлейтін жалақыдан бөлек, Бауыржан Оспанов қосымша сыйақылар қосып отырады. Мысалы, 90 мың теңге алатын мұғалім кейде 250 мың теңгеге дейін жалақы алуы мүмкін. Мұның бәрі ауыл тұрғындарын ынталандыру үшін жасалған қадам», - дейді ауыл тұрғыны Әнуарбек Жүнісов.




Арақ-шараптан түгелдей бас тартқан ауылдың тіршілігі туралы не білеміз? (фото)

2000 ЖЫЛЫ БАУЫРЖАН ОСПАНОВТЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН САЛЫНҒАН МЕШІТ. ФОТО: ПЕТР КАРАНДАШОВ



Тағы бір айта кетерлігі, Жыланды мен Лепсі ауылдарына Назарбаев университетінің студенттері де волонтер ретінде келіп тұрады. Биыл 22 студент ауыл тұрғындары мен оқушылар және интернат тәрбиеленушілері үшін ағылшын тілінен арнайы курстар өткізді.




Арақ-шараптан түгелдей бас тартқан ауылдың тіршілігі туралы не білеміз? (фото)

ЖЫЛАНДЫ АУЫЛЫ. ФОТО: ПЕТР КАРАНДАШОВ



Алақандай ғана ауылдың тұрғындары облыс орталығынан алыста жатса да, көптеген аймақтар үшін үлгі боларлықтай тіршілік кешуде. Олар өз ауылын ұмытпай, қарапайым халық пен жас ұрпаққа қамқорлық көрсетіп жүрген Бауыржан Оспановқа әрқашан алғыс айтып жүреді.






Көрілген: 820    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

сенбі, 21.10.2017, 13:48

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30