Ел жаңалықтары

Арыстанбек Мұхамедиұлы Серік Сәпиев, Қайрат Нұртас және Әділ Ахметовпен жаттығу жасады

  • © Baq.kz

    © Baq.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандықтарды «Challenge Street Workout KZ» жобасына қатысуға шақырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


Шоу-бизнес, кино және спорт жұлдыздары Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бастамасымен ұйымдастырылған «Street Workout KZ» акциясына қатысты.


Бұл бастаманың мақсаты – бұқаралық спортты Қазақстанда тарату. Street Workout – бұл көшедегі жаппай спорттың қарқынды дамып келе жатқан түрі болып табылады. Арнайы техниканы талап етпейді: барлығы қарапайым, ол үшін көшедегі турниктер мен арқандар жеткілікті.


Жобаның негізгі сыйлығы – конкурстың жеңімпазы атанған аймақ Street Workout-пен айналысу үшін жаңа алаңға ие болады. Ол үшін байқаудың шарттарын орындау қажет. Шарттары да өте қарапайым, қазақстандықтар жаттығу бейнелерін желілерде бөліссе жеткілікті. Байқау жайлы толығырақ Challenge Street Workout KZ веб-сайтынан біле аласыздар.


Арыстанбек Мұхамедиұлы жобаны өзі бастап, «Street Workout KZ» байқауын – Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке, танымал әнші Қайрат Нұртасқа, танымал қазақстандық актер Әділ Ахметовқа жолдады.


«Challenge Street Workout KZ» жобасын бастап – алғашқы қатысушылары ретінде «Алға, Қазақстан, Жаса, Қазақстан!» деп қазақстандықтарға үндеу тастады.


Конкурс 10 маусымға дейін өткізіледі, 15 маусым күні қорытындысы жарияланатын болады.


Сонымен қатар, бейнетаспаны «Challenge Street Workout KZ» жобасының сайтында орналастыруға болады.






 


 




 




Көрілген: 265    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.04.2018, 23:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31