Ел жаңалықтары

Арыстанбек Мұхамедиұлына бір топ жазушыдан ашық хат

  • Көрнекі сурет.   © Азаттық радиосы

    Көрнекі сурет. © Азаттық радиосы

Поштамызға бір топ жазушыдан ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына жолданған хат келіп түсті. Хатты назарларыңызға ұсынамыз деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.


ҚР Мәдениет және спорт министрі


А. Мұхамедиұлына


Құрметті Арыстанбек Мұхамедиұы!


Сіз басқаратын министрлік Қазақстан Жазушылар одағының кезекті құрылтайын өткізуді ұйымдастырып жатқанын білеміз. Ол үшін сізге көп рахмет. Алайда, біздің естуімізше Құрылтай тағы да бұрынғы төраға Нұрлан Оразалиннің 22 жылдан бері қолданып келе жатқан өзіне ыңғайлы сценарий бойынша өткелі жатқаны белгілі болып отыр. Біз бұған үзілді-кесілді қарсымыз. Сондықтан сьезге мынадай өз талаптарымызды қойып отырмыз:


 


Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының жаттанды, баяғыдан келе жатқан таптаурын есебі жақында өткен пленумда тыңдалып, тиісті бағасын алған. Сондықтан, оған тағы да уақыт бөлудің еш қажеті жоқ.

Сьезд барысында басқарманың жаңа құрамы сайлануы тиіс.

3.Балама негізде Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағалығына өз кандидатурасын ұсынатындар делегаттарды өз бағдарламасымен таныстыруын талап етеміз.


Құрметті Арыстанбек Мұхамедиұлы!


Осы аталған талаптар сьездің күн тәртібіне енгізілуін қадағалауыңызды сұраймыз. 


 




Көрілген: 682    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.03.2018, 16:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30