Ел жаңалықтары

Асанов: судьяның өзі түсінбейтін сот актісін қарапайым адам қалай түсінсін?

  • © Nur.kz

    © Nur.kz

Сот актілері адамға түсінікті болуы керек. Бұл туралы бүгін ҚР жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Судьялардың біліктілігін, олардың өнімдері, яғни сот актілері көрсетеді. Жоғарғы соттың судьясы маған былай деп жазды: көптеген акті көлемді, күрделі сөйлемдерден құралған, ал құрғақ стилистика адамның сотта неге жеңілгенін түсінуге мүмкіндік бермейді. Тіпті Жоғарғы сотта судьялардың өзі "судьяның мұнымен не айтпақ болғанын, неге мұндай қорытындыға келгенін түсінбедік" деп айтады", — дейді Асанов Астанада өткен сот төрелігін жүзеге асырудың 2017 жылғы қорытындысына арналған кеңейтілген кеңесте.


Төраға сот актілері қарапайым азаматтарға түсінікті тілде жазылуы керектігін қадап айтты.


"Егер біз өзіміз осылай қиналсақ, онда соны оқып, ештеңе түсінбейтін қарапайым адам туралы не айтуға болады? Ол іс жүргізу тілінде жазылады ғой. Ал, сіздер білесіздер, бұл тілді аудару керек. Сот актісі – сот төрелігінің, қаншама күш-жігер, эмоция мен қаржының нәтижесі. Сот актісі адамға түсінікті болуы керек. Өйткені біз оны адамдар үшін шығарамыз. Сот актісі – судья біліктілігінің көрсеткіші, сот билігінің имиджі", — дейді Асанов.


 


 




Көрілген: 514    Пікірлер: 0

жұма, 26.01.2018, 14:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31