Ел жаңалықтары

Әшімбаев: ауыл жастарына ағылшын тілін үйрету үшін шетелден еріктілер тартамыз

  • CC0 / Наталия Когут

    CC0 / Наталия Когут

"Нұр Отан" партиясы ауыл жастарына ағылшын тілін үйрету үшін шетелден еріктілер тартуды жоспарлап отыр. Қазір партия шетелдік еріктілердің әлеуметтік мәселелерін шешу жолдарын пысықтауда, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Ауыл жастарының бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында бірнеше жобаны қолға алып отырмыз. Ауылдарда ағылшын тілін үйренуге мүмкіндік жасау – ең өзекті мәселелердің бірі. Себебі болашақта ағылшын тілін білмейтін жас маманға жұмыс табу қиынға соғуы мүмкін. Сондықтан да біз ауылды жерлерде ағылшын тілін үйрететін клубтар ашуды жоспарлап отырмыз", — деді "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.


Оның айтуынша, партия жаңа бастаманы "Атамекен" ҰКП және мемлекеттік органдармен бірлесіп жүзеге асырмақ.


"Клубтарға ерікті ретінде 500-ден астам адам тартылады. Шетелден ағылшын тілінде сөйлейтін жастар мен Қазақстанда ағылшын тілін үйреніп жүрген студенттерді тартамыз. Олар балалармен кезең-кезеңмен жұмыс істеп, семинарлар өткізеді, сабақ береді. Еріктілер тегін жұмыс істейді. Оларды шетелден әкелу жолдары, басқа әлеуметтік мәселелерді қазір пысықтап жатырмыз", — деді Әшімбаев.


 


 




Көрілген: 163    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.04.2018, 16:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30