Ел жаңалықтары

Аслан Мусин ұлының өліміне қатысты мәлімдеме жасады

  • Аслан Мусин ұлының өліміне қатысты мәлімдеме жасады

    Аслан Мусин ұлының өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан президенті әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусин ұлы Асылбектің қайғылы қазасынан 40 күн өткеннен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz.




Сурет: 7news.kz

Мусин өзінің видео жолдауында қиын сәттерде отбасына қолдау білдірген қазақстандықтарға алғыс айтты. Сондай-ақ, ол көпшіліктің сыны мен алып-қашпа сөздеріне ақпараттың жетіспеушілігі себеп екенін атап өтті.


Аслан Мусин ұлының ғылыми зерттеулерімен мақтанатынын жеткізді.


«Асылбектің басқаруымен Голландияда бір монотеистік институт құрылып, қызмет етіп келеді. Институт адам шығармашылығының гуманитарлық, философиялық саласын зерттеп, жүйелейді. Израиль, Ресей, Қытай, Жапония және Еуроодақ мемлекеттеріндегі ғалымдармен бірге 114 том кітап шығарылымға дайындалды. Онда адамзаттың бағзыдан бүгінгі күнге дейінгі ойтолғамы қамтылған», – дейді Аслан Мусин.


Сонымен қатар Аслан Мусин қазіргі уақытта Құран, Іншіл, Тәурат және басқа да қасиетті кітаптарды оқуға арналған әмбебап сөздік жасалуының қолға алынғанын айтты.


Әкесі мен ұлының пікірлестері Асылбектің құрметіне «Сәуле әкелуші» атауымен фильм түсірген. Ол Аслан Мусиннің видео жолдауынан кейін бірден басталады.


Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасы президент әкімшілігінің экс-басшысы Аслан Мусиннің ұлы Асылбек Мусин Латвияда 15-қабаттан секіріп көз жұмған еді.


Stan.kz



Көрілген: 237    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 04.02.2018, 10:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28