Ел жаңалықтары

Астанада автобус билетін 300 теңгеге көтеру немесе тегін жүру мәселесі қаралып жатыр

  • Астанада автобус билетін 300 теңгеге көтеру немесе тегін жүру мәселесі қаралып жатыр

    Астанада автобус билетін 300 теңгеге көтеру немесе тегін жүру мәселесі қаралып жатыр

Астана әкімі Əсет Исекешов қаладағы қоғамдық көлік саласын дамыту мəселесін көтерді. Ол жолақысын 300 теңгеге дейін көтеру немесе тегін қылу туралы ұсыныс айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.


Қалалық автобустарда кездесетін мәселелерді шешу үшін Әсет Исекешов "Bus километр" жобасын ұсынды. Мемлекет халыққа сапалы қызмет көрсету үшін автопарктерді жалдайды. Бұл кезде автопарктерге төленетін ақы қанша жолаушыны тасымалдағанына байланысты болмайды.


«Жүргізушілер көп жолаушыны тасымалдау арқылы ақша табу үшін жылдам жүреді. Бұдан бөлек онда көлеңкелі тұстардың барын білеміз. Кондукторлардың әрекеті, автобустар жарысы және т.б. "Bus километр" – ең тиімді үлгі. Бұл жүйе жақсы, біз оған көшеміз. ҚР ИДМ-мен бірге заңнамалық базаны өзгерту үшін бір жыл жұмыс істедік", - деді әкім.


Оның сөзіне қарағанда алдағы уақытта жолақы бағасын қымбаттату мәселесі толық қаралады. Себебі қазіргі кезде мемлекет қоғамдық көліктерге 40-80 млрд көлемінде субсидия беріп отыр.


«90 теңгелік билет үшін біз 40 млрд теңге субсидиялауымыз керек. Егер 150 теңгеге дейін көтерсек, сома 30 млрд теңгеге азаяды. 300-ге дейін көтеретін болсақ, субсидиялау болмайды. Сол кезде билет құны 300 теңге болады», - деді Исекешов.


Әкім бұл мәселені шешудің үшінші жолын көрсетті. Ол – қаладағы қоғамдық көліктерде кез келген адам тегін жүретін нұсқа.


«Қаладағы барлық азаматтарға қоғамдық көлікпен жүру тегін болмақ. Транспорттық жүйені дамыту үшін бірыңғай жинақ енгізіледі. Көлігі барлар да төлейді. Мұнда қайырымдылық шарасы туралы емес, тұрақтардағы қызмет көрсету секілді транспорттық жүйені жақсарту туралы сөз қозғап отырмыз. Бұл шешім әлі қабылданған жоқ, талқылап жатырмыз», - деді Исекешев.


baq.kz


 


 




Көрілген: 865    Пікірлер: 0

сенбі, 30.09.2017, 18:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31