Ел жаңалықтары

Астанада шу шығарған ата-аналар жұмыстан қуылған ұстазды қайтаруды талап етуде

  • Астанада шу шығарған ата-аналар жұмыстан қуылған ұстазды қайтаруды талап етуде

    Астанада шу шығарған ата-аналар жұмыстан қуылған ұстазды қайтаруды талап етуде


Астанада ата-аналар шу шығарды. Бір топ тұрғын Елорданың қақ ортасында орналасқан №84 мектеп-лицейдегі жұмысынан кеткен ұстазды қайтаруды талап етуде. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.



 




Астанада шу шығарған ата-аналар жұмыстан қуылған ұстазды қайтаруды талап етуде

МЕКТЕПТЕ ШУ ШЫҒАРҒАН АТА-АНАЛАР. СКРИНШОТ: КТК



Екінші сыныптың жетекшісі жалғыз оқушының анасына жақпағаны үшін жазықты болды дейді олар. Қалған 31 баланың әке-шешесі енді мұғалім мектепке оралмайынша, ұл-қыздарын сабаққа жібермейміз деп ашуға мінді.


Олар екінші сыныпта оқитын балаларын тура сабақ үстінен үйлеріне алып кетпек болды. Айтуларынша, ұл-қыздарының сыныптасының анасы әбден мазаларын алған. Жалғыз әйелдің негізсіз арыз-шағымына шыдай алмай осымен екінші рет тәжірибелі сынып жетекшісі жұмыстан кетіпті.


Атана-аналар қанша ұмтылғанымен оқу орнының ішіне кіре алмаған. Мектеп басшылары сабақ жүріп жатқандықтан шулаған келіншектерді сыныпқа да, өз балаларына да жолатқан жоқ. Ал ата-аналардың талабы жалғыз - жала мен қысымға шыдай алмай жұмыстан кеткен ұстаз Жанар Мамырованы мектепке қайтару.


"Бірінші сыныпта да Ольга Ли деген ата-ана сынып жетекшісіне түрлі шағым жазып, полиция шақырып, соңында жұмыстан қуды. Неге бір адамның айтқаны бола беру керек? Биыл қыркүйекте тағы ескі әдетіне бастады. Ұстаз баламды ұрды-соқты деп шықты. Бір де дәлелі жоқ. Рас болса, неге сотқа бермейді?", - дейді ата-аналардың бірі Баян Борисова.


Жалғыз әйелдің екі жылдан бері мектептің берекесін қашырғанын оқу орнының басшылары да мойындап отыр. Бірақ қолдарынан келер шара жоқ. Лидің қорлығына шыдамаған екінші сынып жетекшісі Жанар Мамырова бүгін жұмыстан кетіпті. 42 жастағы ұстаздың тәжірибесі де мол еді дейді әріптестері.


"Мұғалім сыныпта қалғысы келмейді. Ол кісінің талабы бойныша, бір оқушы сыныптан кетпейінше ол кісі оралмайды. Бізде заң бойынша баланы ол сыныптан алып тастай алмаймыз. Түсініп тұрсыздар ғой... Сондықтан бала да, мұғалім де сол сыныпта қалуға тиісті. Бірақ мұғалім келіспейді", - дейді №84 мектеп-лицей директорының орынбасары Гүлнұр Омариева.


Ата-аналар да мұнымен шектелмейді. Олар дүйсенбі балаларын сабаққа жібермейміз деп отыр.


Екі аптада екі рет ұстазды ауыстырған балалардың сабағы да нашарлап кетіпті. Мектептегі дау бойынша Астана қаласындағы Білім басқармасынан арнайы комиссия келіп, кеше жиын өткізген екен. Оған Ольга Лидің өзі келмепті.


Ал шенеуніктер түк шешіп бермейді дейді ата-аналар. Енді наразы топ Білім министрлігіне арыз жазбақ.






Көрілген: 421    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 21.10.2017, 13:45

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30