Ел жаңалықтары

Астаналық жігіт танымал дүкендер желісінің акциясына алданып қалды

  • Астаналық жігіт танымал дүкендер желісінің акциясына алданып қалды

    Астаналық жігіт танымал дүкендер желісінің акциясына алданып қалды

Астанада AppleIPhone 7 ұялы телефонына интернет арқылы тапсырыс берген ер адам алданып қалды. Ол сот арқылы 50 000 теңге көлеміндегі моральдық шығынды өндіріп алды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

2017 жылы қыркүйекте «TechnodomOperator» АҚ «Түнгі жеңілдіктер» акциясын жариялаған.


Ер адам қызына AppleIPhone 7 ұялы телефонын сыйламақ болып интернет арқылы тапсырыс берген.


«Technodom» сайтында аталған құрылғының бағасы 219 990 теңге болып тұрған. Дүкенде менеджер тапсырыстың нөмірін салыстырып, есеп-қисап қағаздарын да жазып берді.


Алайда сатып алушы өз тауарын ала алмады. Сөйтсе, сайтта көрсетілген ақпарат техникалық ақаулықтан дұрыс көрсетілмеген.


Ал AppleIPhone 7-нің бағасы 339 990 теңге болып шықты. Осыдан кейін ер адам басқа телефонды алуға мәжбүр болды.


«Астана қаласы Алматы аудандық соты арыз берушінің талаптарын жартылай қанағаттандырып, «TechnodomOperator» АҚ-сынан 50 000 теңге көлеміндегі моральдық шығынды өндіріп алды. Сот шешімі заңды күшіне енді», – делінген соттың ресми хабарламасында. 




Көрілген: 244    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 13.02.2018, 09:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28