Ел жаңалықтары

Астаналықтар сауда орталықтарының біріндегі бутиктің астан-кестеңін шығарды (фото)

  • АСТАНАДАҒЫ БУТИК. ФОТО: NUR.KZ

    АСТАНАДАҒЫ БУТИК. ФОТО: NUR.KZ

Демалыс күндері бас шаһардың сауда орталықтарына жаппай баратын астаналықтар бүгін де сол əдеттеріне басты. Орталықтарда аптаның соңғы күндері, əсіресе, сауда қыза түседі деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.


"Ханшатыр" сауық-сауда орталығы бутиктерінің бірінде жеңілдік болады дегенді естіген тұрғындар, орталыққа келіп, бутик киімдерін жаппай сатып алып жатыр. Бутикке келген халық санының көп болғаны соншалық, олар тіпті киімдерді таптап, сауда орнының астан-кестеңін шығарған.



Бутиктегі киімдерді сапалы əрі ыңғайлы деп тапқан елордалық тұрғынның бірі - Ляззат Аманбаева. Ол мұнда жалғыз өзі емес, бүкіл отбасымен келгенін мəлімдеді.



"Бұл бутикті бұрыннан білеміз. Алайда, киім бағалары қымбат болған соң, көп келмейтін едік. Бүгін міне жаппай жеңілдік жүріп жатыр. Сол себепті, бүкіл отбасымызбен келдік. Мұнда бəрі бар: ерлер, əйелдер, балалар киімі. Тек таңдауыңды біл", - дейді Астана тұрғыны.


NUR.KZ


 




Көрілген: 959    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 07.10.2017, 18:28

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30